Шетелдік кәсіпкерлердің ықыласы қазақ еліне ауды

Астанада өтіп жатқан EXPO 2017 халықаралық көрме жұмысының нәтижесінде шетелдік кәсіпкерлердің ықыласы қазақ еліне ауды.

Қытайдың Шэнси аймағына қарасты туризм комитеті Алматыға арнайы келіп, отандық туризмді дамытуға ынталы екендерін жеткізді. Аспан асты елінен келген кәсіпкерлердің бас жобасы 27 шілде күні Астанада ЕХРО кешеніндегі Қытай павильонында таныстырылмақ. Нақтырақ айтсақ көрші елдің кәсіпкерлерін қазақ жеріндегі экологиялық туризм мен тарихи мекендер қызықтырады. Қытайдан келген қонақтар мысал ретінде Шэнси аймағындағы тарихи өлкелер туризмі туралы айтты.

Хан Шэн Лян, Шэнси аймағы туризмін дамыту комитетінің вице-инспекторы:

- Қазақстандықтар туризмді дамытуға енді ғана кірісіп жатқандықтан біз Қытайда іске асырылған алғашқы жобаларды ұсынбақпыз. Сонымен қатар «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы аясында әріптестікті дамытуға дайынбыз.

Әсел Нүркебаева, қалалық туристік ақпараттық орталықтың директоры:

- Отандық туризмді дамыту арқылы саяхатшылар санын арттыру үшін Қытайлық кәсіпкерлердің тәжірибесі өте маңызды. Сонымен қатар Үндістан, Ресей және ирандық әріптестермен тығыз байланыстамыз. Бірінші кезекті ішкі туризмді дамытып, отандастырымызды тартуымыз керек.