USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


2017 жылғы білім гранты иегерлерінің жаңа тізімі

  • 1848
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
2017 жылғы білім гранты иегерлерінің жаңа тізімі

Мемлекеттік грант иегерлерінің жаңарған тізімі жарияланды. Бұған дейін берілген 37 мың 932 білім грантына енді тағы 1 мың 487-сі қосылды. Бұған дейін Білім және ғылым министрінің өзі грантқа қол жеткізе алмай қалған талапкерлер мен олардың ата-аналарымен жеке кездесіп, шағымдарын тыңдады. Нәтижесінде гранттарды қайта үлестіру шешімі қабылданды.

Бұл үдеріс ашық түрде өтіп, жан-жақты бақыланды. Республикалық комиссия отырысына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы, жоғары оқу орындары қауымдастығы, тіпті ата-аналардың өздері қатысқан.

Айта кетейік, гранттар автоматтандырылған жүйемен бөлінеді. Ал «Алтын белгіге» үміткер болып, Ұлттық тестілеу кезінде төмен ұпай жинаған түлектерді оқытқан мектептерде алдағы аптадан бастап тексеріс жүргізіледі.

Гүлзат Көбенова, ҚР БҒМ жоғары және ЖОО кейінгі білім департаментінің директоры:

– Бұл тексерістердің нәтижесі түлектерге әсері болмайды. Алайда белгіні тағайындау барысында құжаттарды бұрмалау фактілері анықталған жағдайда мектеп басшылығына қатаң шаралар қолданылады. Мемлекеттік гранттарды беру бойынша сұрақ туындаған жағдайда Ұлттық тестілеу орталығы жұмыс жасап жатыр. Білім және ғылым министрлігі республикалық комиссиялық шешімін қайта қарап, 2017 жылғы білім гранты иегерлерінің тізіміне түзетулер енгізді.

 

Ескеретін жайт, 10 тамыз күні жарық көрген тізімдегі талапкерлердің бәрі өз гранттарын сақтап қалды. Өзгеріс қосымша гранттарға байланысты.

1.Гранттар (негізгі., күндізгі, толық)

2.Серпiн (негізгі, күндізгі)

3.Гранттар (негізгі, күндізгі, қысқартылған)

4.Гранттар (негізгі, сырттай, қысқартылған)

5.Жетім балалар (негізгі)

6.Мүгедектер (негізгі)

7.Әскери (негізгі)

8.Диаспора (негізгі)

9.ҚБТУ қаз.

10.Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті_қаз

11.Гранттар Қаржы Академиясы (негізгі., күндізгі, толық)

12. Мәскеу авиациялық институты Восход филиалы

13. Қосымша тізім

ЖОО-лар

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top