USD 325.75

EUR 382.61

РУБ 5.31

Б.Сағынтаев: Үкімет сандық технологияларды 9 секторға енгізуге басымдық береді

Б.Сағынтаев: Үкімет сандық технологияларды 9 секторға енгізуге басымдық береді

Еліміз 2025-жылы сандық технологиялар бойынша бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын әлемдік рейтингте 30-шы орыннан көрінуі тиіс. Қазір бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 38-ші сатыда тұр. Бүгін Елбасының қатысуымен өтіп жатқан цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңесте Премьер-Министр осылай деді.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, қазір Үкімет сандық технологияларды 9 секторға енгізуге басымдық беріп отыр. Олар энергетика мен шикізат, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, ай-ти, логистика сынды салалар. Бұл шаралар еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Сандық Қазақстан» бағдарламасының негізгі принципі ең жетілдіріліген озық технологияларды енгізу. Әрі бұл іске инвестиция тарту да басты назарда. Сондықтан сандық технологияларға бағытталған жобаларды қаржыландыруға ниетті инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде