USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Мемлекет басшысы цифрландыру барысында тиімділікті басты назарда ұстауды тапсырды

  • 233
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Мемлекет басшысы цифрландыру барысында тиімділікті басты назарда ұстауды тапсырды

Мектеп оқушысынан бастап, зейнеткерлерге дейін сандық технологияларды үйренуі керек. Бұл бағытта халықтың сауаттылығын арттыру маңызды. Цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңесте Елбасы осындай тапсырма берді. Президент мемлекет пен бизнес өзара әрекеттесе отырып, кәсіпкерлердің сандық технологияларды елге енгізуіне қолайлы жағдай жасау керектігін айтты.

Үкімет мүшелері, бизнесмендер, халықаралық деңгейдегі сақа сарапшылар мен түрлі корпорация өкілдері бас қаламыз Астанада бас қосты. Баршаны тоғыстырып, көпшілікті қызықтыратын ортақ тақырып цифрландыру үрдісі. Елімізде Елбасының тікелей тапсырмасымен бұл тұрғыда тыңғылықты жұмыс жүргізіліп жатқаны белгілі. Мұндағы мақсат – технологияларды игере отырып, цирфлы экономикаға өту жолдарын жүйелеу.

Цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңес. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен шараға атынан ат үркетін 10-нан астам елдің белгілі тұлғалары келді. Қазақстандағы бастамаларға қызығушылық білдірген олар байланысты бекемдей түсуге мүдделі. Тараптарды тоғыстырған ортақ тақырып цирфлы экономикаға өту, экожүйе стартапын дамыту, сондай-ақ сандық қызмет көрсету үрдісі. Осы орайда Үкімет басшысы Президент қойған меже мінсіз орындалып жатқанын баяндады. Бұл ретте Премьер-министр Қазақстан 2025 жылы сандық технологиялар бойынша бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын әлемдік рейтингте 30-орыннан көрінуі тиіс екенін де алға тартты. Қазір бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 38-сатыда тұр. Бақытжан Сағынтаев Үкімет сандық технологияларды енгізу жолында энергетика мен шикізат, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, IT , логистика  сынды  9 салаға басымдық беріп отырғанын жеткізді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі:

- Бағдарламаны даярлау кезінде Үкімет тарапынан Қазақстан экономикасы үшін цифрлық дәуірді қамтып отырған жаһандық сын-қатерлер мен мүмкіндіктері  толықтай  ескерілді. Осыған байланысты екі бағыт айқындалды. Біріншіден, цифрландыру процесінің тұрақтылығы үшін инновациялық дамудың ұзақ мерзімді институттарын құру болса, екіншіден, нақты сектордағы белгіленген жобалардан тұратын бағдарламаның прагматикалық басталуын қамтамасыз ету көзделген. Осы арқылы біз Елбасы алдымызға қойған екі мақсат-міндетті шешеміз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының  маңызына тоқталды. Президент бүгінгі жаһандану заманында бізден  жаңа инновациялық даму мен жедел технологиялық жаңғыру талап етілетінін тілге тиек етті. Мұның барлығы  әлеуметтің әлеуетін артырып, отандастарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға негізделген. Алайда алға қойылған мақсатқа мінсіз жету үшін тынымсыз тер төгіп, халықтың техникалық сауаттылығын көтеру шарт. Бұл цифрлық экономика қажет ететін негізгі  талаптардың бірі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Очень важно повыщать навыки людей. Мы сейчас говорим здесь о высоких моментах и говорим это «Юбер», говорим о других, а вот все население, я далеко не буду ходить Россия, Казахстан например знают об этом? Нет! Даже пользоватся то, что мы хотим, собираемся, надо научить. Надо научить пользоватся смартфонами как следует. Поэтому у нас здесь огромное поле работы и надо больше говорить, больше обяснять, больше учить грамотности.

Президент бүгінде шетелде ІТ-жобалармен айналысатын  білікті де білімді отандастарымызды елге тарту керектігін де айтты. Күллі әлем көз тіккен ЭКСПО-дан кейінгі павильондардың бірінде ІТ-стартаптар технопаркі құрылмақ. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев талантты мамандарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалатынын атап өтті. Сонымен қатар Президент цифрландыру  саясатының түпкі мақсатына да тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Цифровизация - это не цель, это средство достижения абсолютного преимущества Казахстана. Без этого уважающая себя страна не может жить нормально. Не будем выигрывать конкуренцию отстанем и будем глотать пыль от впереди идущих государств. Получить резкий рост прибыли, производительность и капитализацию вот в чем дело. Вот это дает цифровая экономика.

Нұрсұлтан Назарбаев ІТ саласындағы ойыншыларға кедергі келтіретін келеңсіз тұстар болмауы керектігін қаперге салды. Үкімет бұл ретте бастамаларды іске асыруда бөгет жасамай көмек көрсетуі тиіс екендігін алға тартты. Және осы тұста Қазақстанның заңнамасы кәсіпкерлік бастамаларды ынталандырып, ғылыми зерттеулерді, әзірлемелер мен жаңа технологияларды енгізуді қолдауы  тиіс. Осы ретте Қазақстанға мол табыс әкелетін стартаптарды құрып, оларды іске қосу қажет.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- На цифровизацию, с другой стороны, мы должны смотреть с прагматичекой точки зрения. Это возможность получения абсолютных преимуществ. Каких? Это производительность, капитализация, доходы. Так я пониманию? Мы знаем такие стартапы, как Uber и т.д. достигли капитализации более 1 млрд долларов за короткое время. Вы сказали на счет Юбер - 1,8 млрд долларов до нескольких млрд, биткоины – 70 млрд долларов. Вот это абсолютный рост, абсолютная производительность труда и инновации. Наши самые продвинутые компании в Казахстане, ну например, мы хвалимся, что мы с «Дженерал Электрик»  создали электровозы и там производительность на одного работника 100 тыс долларов. Близко такого в других отраслях нет. Самые лучшие компании у нас есть, у них производительность 40-50 тыс долларов, это хорошо, но не то. У них работает по 100, по 50 тыс человек. Я думаю, цифровизация совершенно изменит это положение.

Сандық жүйеге көшу еліміздің еңсесін тіктеп, қай салада болсын жұмысты оңтайландыруға пәрмен береді. Оны көз көріп, құлақ естіп жүр. Тек тиімді пайдаланса болғаны. Дегенмен  цифрландыру барысында қыруар қаржы  қолды болып не болмаса  «желге» ұшпауы тиіс деп атап өтті Елбасы. Президент отандық бағдарламаны  әзірлеушілер мен шетелден тартылатын кеңесшілер тиімділігіне жіті мән беруді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сколько же собираются выручить наши разработчики программы? Мы ничего не услышали здесь, как видим. Потратить собираемся к 2021 году 251 млрд тенге. Я посчитал большие проекты, которые вы мне дали. А какая отдача от этой программы? Цифр нет. То есть если так будем работать, то деньги на ветер или для воровства. Поэтому давайте уточним наши цели. Если наши разработчики и наши зарубежные советники, которых мы привлекать будем, толком не планируют эффект, значит, они по каким-то, не знаю, идеологическим или каким-то другим соображениям хотят нас затормозить, остановить наше развитие. Я не говорю, что это так, но так может быть. Нам надо учесть.

Нұрсұлтан Назарбаев келелі кеңес барысында болашақтағы жаһандық сын-тегеуріндер мен технологиялық трендтерді зерттеу қажеттігін атап өтіп Қазақстанды цифрландыру жөніндегі арнайы комиссия құрылатынын алға тартты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы состоим в Евразийском экономическом союзе. Я предлагаю, чтобы Россия, Казахстан и Белоруссия совместно создали комиссию и совместную программу осуществления (программы цифровизации – Прим. автора). Я не хочу обижать других членов ЕАЭС, но мы должны, в первую очередь, создать совместную комиссию по цифровизации и продвигать это. Есть разный опыт, мы можем им поделиться, специалисты есть. Нужно создать специальную комиссию при президенте. Рабочим органом будет премьер-министр и его офис. Доработать эту программу с учетом замечаний, конкретизировать ее и начинать действовать. До конца года вам время. С 1 января следующего года я лично буду контролировать каждый месяц, куда мы идем.

Бірегей мамандардың басы қосылған бұл жиында шетелдік сарапшылар да ордалы ойларын ортаға салды. Солардың бірі Ресейдің байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі Николай Никифоров. Ресейлік министр бүгінде технологияларды сырттан жай әкеліп қоюмен шектелмей оны барынша игеріп қарқынды жүзеге асыру шарт деді. Осы орайда Қазақстанның қабілеті қарымды дейді ол.

Николай Никифоров, РФ Байланыс және жаппай коммуникациялар министрі:

- Бізге тенхнологияларды тек импорттап қана қоймай оларды барынша дамыта түсу қажет. Бір орында тұралап қалуға болмайды. Бізге бірлесе әрекет ету керек. Цифрландыру барысында біздің университеттер мен зерттеу шаралары байланысты болғаны жөн. Жаңашылдықты қолданып қана қоймай оны тиімді пайдалану арқылы біз бәсекелестікті арттыра аламыз. Ол экономикаға да тиімді, азаматтарымызға да ыңғайлы.

Сақа сарапшылар бүгінде интернеттің  игілігін көріп қана қоймай оны бас пайдаға жарата білуге мән беру қажет дейді.  Және оны кәсіптен нәсіп тауып отырған бизнесмендер барынша қолдану  қажет. Жоспар жүйелі жүзеге асса Қазақстан осындай бағдарламаны қабылдайтын 15-ел болатыны белгілі болды. Бұл өз кезегінде мемлекетке қажетті шараларды үйлестіруге, жеке бизнеске көмектесуге қолғабыс болады дейді мамандар.

Амр Салем, Smart Cities, Internet of Everything, Cisco жаһандық басқарушы директоры:

- Бүгінде интернет коммуналдық қызметте басымдық берілген 4-бағыты. Бұл су мен жарық сынды. Интернет бүгінде барлық салаға ықпал ете алады. Бұрындары технологияларды өндірістегі құрал ретінде қарастырсақ қазір олар бәсекелестікті арттыратын негізгі элементке айналды. Бір-бірінсіз елестету қиын. Дәл осындай байланыс мемлекет пен жеке секторда да болуы шарт. Білімді маман мен білікті басқару үйлескен жағдайда ғана экономика әртарапты болады.

Лэйрд Каган, Cagan Mcafee Capital Partners басқарушы директоры:

- Президент мырза, мен ең әуелі сіздердің соңғы 20 жылда қол жеткізген жетістіктеріңізге тәнті екенімді айтқым келеді. Қазақстан цифрландыру нарығында көш басынан көрінуге қауқарлы. Ел халқы да бұл бастамаларға бір кісідей ат салысып отыр. Президент мырза сіздердің бірегей бастамаларыңыздың барлығы сәтті жүзеге асатынына еш күмәнім жоқ.

Әлем елдері мойындап отырған бұл бастамалар жүйелі  жүзеге асса ел экономикасының көші ілгерлеп ғана қоймай, қазақстандықтардың даму қарқыны да жаңа келбетке ие болмақ.

Авторлары: Елдар Бақпаев, Жандос Битабаров

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top