USD 330.25 EUR 392.65 РУБ 5.58

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Елордада Астана процесінің алтыншы раунды өз жұмысын бастады

  • 172
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елордада Астана процесінің алтыншы раунды өз жұмысын бастады Aviakassa.kz

Бүгін елордада Сирия дағдарысын реттеуге арналған Астана процесінің алтыншы раунды өз жұмысын бастады. Келіссөз алаңына Сирия қарулы оппозициясының 24 өкілі мен осы процеске қатысушы барлық тарап жиналды. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі хабарлады. Атап айтқанда, Ресей делегациясына осы ел президентінің Сирия мәселелерін реттеу жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев жетекшілік етсе, Түркия мен Иран делегацияларына аталған елдердің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Седат Онал мен Джабер Ансари басшылық жасайды.

БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стеффан де Мистура мен америкалық делегацияның басшысы АҚШ мемлекеттік хатшысының Таяу Шығысты реттеу жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы Дэвид Саттерфильд те жиынға қатыспақ. Сонымен қатар Иордания сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Науаф Уасфи Тель де Астанаға келді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top