USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Мемлекет басшысы: Әлем көз тіккен көрме өзін-өзі толықтай ақтады

  • 148
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Мемлекет басшысы: Әлем көз тіккен көрме өзін-өзі толықтай ақтады Ақорда

«ЕХРО көрмесі елімізге теңдессіз ғылыми серпіліс әкелді»Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен баспасөз мәжілісінде осылай деді. Көрменің өзегі болған баламалы энергия қазіргі ғылым мен техниканың ең озық үлгісіне айналды. Елбасы халықаралық мамандандырылған көрме аясында айтулы шаралар өткенін ерекше атады.

Сонымен қатар көптің көкейінде жүрген бірқатар сауалға тұщымды жауап қайтарды. Айтулы шара аяқталғанымен, ондағы ғимараттар ел кәдесіне жарайтындығын айтты. Әрі әлем көз тіккен көрменің өзін-өзі толықтай ақтағанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Көрме бітті. Дегенмен қалған ғимараттар бекер қалмайды. Біздің павильонымыз үлкен шар қалады. Музей ретінде. Екі павильон Қазақстанның қаржы орталығы болады. Бір павильонда Қазақстанның көрмесі болады. Тағы бір нысанда жастарға, ғалымдарға жаңалықтар ашу үшін ІТ-стартаптар технопаркі құрылады. Бір павильонында кішкентай балаларды жұмысқа, білімге тәрбиелейтін тәжірибе бар. Балаларды мамандыққа тәрбиелейді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top