USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Елбасы халықаралық іс-шараларды қорытындылады

  • 204
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елбасы халықаралық іс-шараларды қорытындылады

Елбасы отандық және Қазақстанда тіркелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатына 50-ден астам қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы елімізде өткен халықаралық іс-шараларды қорытындылап, бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің табысты болғанын айтып, Астанада өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінің мән-маңызына тоқталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған Астана келіссөздері жөніндегі ойын ортаға салды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қазақ тілін жетілдіру мен латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталып, жақында АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескен әңгімесі жөнінде айтты.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ақпараттық технологияларды пайдалануға қатысты, сондай-ақ қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің таяуда болатын жекпе-жегі туралы сұрақтар да қойылды. 

Баспасөз мәслихаты жуық арада республикалық телеарналар арқылы көрсетілетін болады, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдермен өткізген кездесуі туралы арнайы шығарылымды бүгін біздің арнамыздан сағат 22:00-де көре аласыздар.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top