USD 333.68 EUR 396.25 РУБ 5.82

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Елордада Қазақстан машина жасаушылар одағының V форумы өтіп жатыр

  • 252
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елордада Қазақстан машина жасаушылар одағының V форумы өтіп жатыр

Отандық машина жасау саласын дамыту үшін не істеуіміз керек? Астанада бесінші рет өтіп жатқан машина жасаушылар форумында бас қосқан мамандар осы мәселе төңірегінде пікір алысып жатыр. Екі күнге ұласқан ауқымды шарада 40 елдің сарапшылары бас қосты. Салмақты саланың бағыт-бағдарын бағамдаған сарапшылар бүгін қандай мәселе көтерді?

Әсел Тұмашқызы тілші:

- Халықаралық шара осымен екінші күн жалғасын тапты. Қазір мамандар пікір алмасып жатыр. 40 елдің сарапшылары бас қосқан жиынға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин де қатысып отыр. Жалпы өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіптің 35-40%-ы және индустрияландырудың 34-40%-ға жуығы тиесілі.

Қазіргі заманда машина жасау 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін және ең көп шығынды қажет ететін ғылымның түрі.

Жалпы сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның машина жасау саласының әлеуеті жоғары. Қазіргі таңда біздің еліміз Ресей, Қытай, ТМД және Африка елдерімен бірлесе отырып, отандық өнімдерді осы мемлекеттерге экспорттайды.

Сайдулла Қожабаев, форумға қатысушы:

- Қазақстанның машина жасау деңгейіне келер болсақ, менің ойымша даму үстінде. Өйткені ол оңай нәрсе емес. Оған көптеген дайындық керек. Біріншіден, зауыт-фабрикаларды салу керек. Технологияны сатып алуға болады. Сонымен қатар онда жұмыс жасайтын, бәсекеге төтеп беретін мамандар керек. Маман 2-3 жылда дайындалмайды. Оған жүйелі дайындық керек. Қазір Индустрияландыру бағдарламасының арқасында өндіріс саласында жұмыс жасап жатырмыз. Үкімет тарапынан да қолдау көрсетіп жатырмыз. Соның арқасында елдегі машина жасау қарқынды дамып келеді. Қазір осы саланың мамандарын даярлап жатқан колледждер, мекемелер де даму үстінде. Осы сала бойынша 2015 жылы Оралда трансформаторлық зауыт салғанбыз. Бүгінде ол өнімінің 95%-ын Ресей еліне жөнелтеді.

Авторы: Әсел Тұмашқызы

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top