USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Н.Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

  • 440
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Н.Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

Сочиде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аяқталды. Жиын жабық есік жағдайында өтті. Онда Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения мен Қырғызстан көшбасшылары бірқатар құжатқа қол қойды. Соның негізгісі 2025 жылға дейінгі цифрлық теxнологияларды дамыту жоспары. Бұл бағдарламалық құжат Еуразиялық бестікке  электронды сауданы  бірлесіп дамытуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, жаһандық цифрлық трансформацияға қарай жасалған ірі қадам. Осы орайда Қазақстан 2018 жылы жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің цифрлық экономика жөніндегі арнайы кездесуін өткізуге шақырды.

Владимир Путин, Президент Российской Федерации:

- Нурсултан Абишевич сегодня предложил созвать внеочередной саммит, посвященный развитию цифровых технологий цифровой экономики. Мы все это поддержали. Согласуем с Казахстаном время и место. С удовольствием примем участие.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Это не обязательно на саммите делать глав государств. Это форум по вопросу цифровой технологии. Мы можем на уровне экономистов стран обсудить. 

Сонымен қатар одақ көшбасшылары интеграциялық бірлестіктің даму перспективалары жөнінде пікір алмасты. Одақ сәтті қызмет етіп келеді. Бастысы, интеграция экономикалық өсімге ойдағыдай әсер етіп отыр. Сөйтіп, Ішкі жалпы өнім жиынтығы биыл 1,8 пайызға артты. Өсім стратегиялық өндіріс салаларында байқалды. Ал сыртқы сауда көлемі 26 пайызға өскен. Келер жылы одаққа төрағалық ету тізгіні Ресейге беріледі.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top