USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Елбасы неміс іскерлерін Астана xалықаралық қаржы орталығына атсалысуға шақырды

  • 240
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елбасы неміс іскерлерін Астана xалықаралық қаржы орталығына атсалысуға шақырды Фото: akorda.kz

Бұл екі Президенттің биылдыққа үшінші кездесуі. Ал телефон арқылы қос ел басшысы 9 рет сөйлескен. Бірақ Сочидегі кездесудің өзіндік мәні бар. Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары отырысына қатысуға келген әріптестерін сол күні қабылдап үлгерді. Ал қазақ көшбасшысымен арнайы жүздесті. Екі ел президенттері кешегі өткен саммиттерді қорытындылап, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін пысықтады.

Биыл қос ел арасында дипломатиялық байланыстардың орнағанына 25 жыл. Бұл кезеңде байланыс барлық бағытта аршындап артып, стратегиялық деңгейге көтерілді. Биыл өзара сауда-саттық та қарқын алды. Былтыр 16 пайызға бәсеңдеген тауар айналымы биылғы жылдың алғашқы 7 айында 40 пайыздық өсім көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– В этом году отмечаем 25-летие установления дипломатических отношений наших стран. Они наполнились нашим договором о дружбе и взаимопомощи, обращенным в XXI век, и еще наполняются. Россия для Казахстана – важный, самый главный и надежный партнер, союзник. Этим всё сказано. В нашем объеме товарооборота Россия занимает солидное место, особенно в последние годы Евразийского экономического союза эти отношения очень сильно крепнут.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

Мүдделес екі ел арасындағы ынтымақтастық жан-жақты қарқын алып келеді. Саяси, қауіпсіздік, экономика саласындағы аяқ алысымыз жаман емес. Осы бағыт-бағдар бойынша сөйлесуге мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Және бұл кездесудің оң әсері боларына сенімім мол. Біз сізбен ұдайы кездесіп тұрамыз, оған қазіргі факторлар себеп. Қоян-қолтық араласуымыз қос елдің байланысын одан ары дамыта түсеріне еш шүбәм жоқ. Осындай мүмкіндік үшін сізге тағы да алғыс айтамын.

Жалпы ресми Астана мен Мәскеу жыл сайын аймақаралық ынтымақтастық форумдарын өткізеді. Адам капиталын дамытуға арналған XIV кездесу 9 қараша күні Челябі қаласында көшбасшылардың қатысуымен өтпек. Нұрсұлтан Назарбаев әріптестіктің Еуразиялық экономикалық одақ аясында одан ары дами түскенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– За этот год взаимная торговля выросла на 33%, то есть на треть. По всем направлениям экономики создаются новые совместные предприятия, совместные инвестиции. Если кто-то критиковал наш Евразийский союз, падения в соответствии с конъюнктурой, сейчас доказывает, что открыты границы, открытое общение людей, открытый переход капитала, инвестиции, дает плоды обеим странам.

Н.Назарбаев пен В.Путин Германия іскерлерімен кездесті

Қазақстан мен Ресей басшылары Германия іскерлерімен өткен кездесуге де қатысты. Владимир Путин Елбасына осы жиынға арнайы шақырды. Бұл неміс бизнесмендерімен әріптестікті кеңейтудің мүмкіндігі. Жиынға Германияның ең ірі компанияларының өкілдері келді. Олардың бірсыпырасы қазақ елімен жақын байланыста. Бұл елмен тариxи сабақтастықтың тамыры тереңде жатыр. Бүгінде Қазақстанда неміс диаспорасының 100 мыңнан аса өкілдері тұрады. Инвестициялық әріптестікке келер болсақ, осы күнге дейін Германия біздің елге 5 млрд теңге қаржы құйған. Бірқатар ірі инвестициялық жоба жүзеге асты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

За 8 месяцев текущего года товарооборот вырос между нашими странами на 1,5 млрд долларов. Только за последние 5 лет в Казахстане реализовано 19 крупных инвестиционных проектов на сумму 2,8 млрд долларов. Среди партнеров такие концерны, как Siemens, Knauf, Metro, Heidelberg, Grinda и другие. Пару лет тому назад я был в Берлине. Мы с канцлером Меркель договорились о том, что мы будем привлекать на редко-металльные месторождения взамен на технологию и инвестиции Казахстана. В целом у нас с участием германского капитала успешно осуществляется деятельность более 900 компаний.

Қазақстанда бизнесмендерге жан-жақты жағдай жасалған. Қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. Осыған мән берген Елбасы қазақ-неміс қатынастарының қарқынын күшейтіп, келер жылы жұмысын бастайтын Астана xалықаралық қаржы орталығына атсалысуға шақырды. Онда қаржы нарығын кеңейту үшін ерекше құқықтық жүйе іске қосылады. Бұған қоса еліміздің транзиттік әлеуеті көптеген жаңа мүмкіндік ашады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 Мы запустили мультимодельный евразийский транспортный коридор. Сегодня через Казахстан проходят 5 железнодорожных, 6 автомобильных международных маршрутов. От Тихого океана через Китай - Казахстан - Россию в Европу; через Казахстан - Иран - Персидский залив; через Казахстан - Кавказ снова в Европу. Основные маршруты лежат через Россию. Эти маршруты связывают Китай, другие страны Азии, Европы через Россию, Каспийское, Черное море, Иран, Индию, Турцию. Таким образом, сформированы стратегические транспортные коридоры, соединяющие напрямую Азию и Европу, Север и Юг. К вашим услугам использовать эти транзитные возможности.

Елбасы Ресейге жұмыс сапарын қорытындылады

Елбасы Ресейге жұмыс сапарының қорытындысы бойынша журналистерге сұхбат берді. Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы аясында қол жеткізген уағдаластықтарды сөз етті. Келіссөздер жемісті болғанын айтты. Жиында Мемлекет басшысы одаққа мүше елдердің экономикасын цифрландыру жөнінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің арнайы кездесуін өткізуді ұсынған болатын. «Енді бұл бағытта Ресей, Қазақстан, Беларусь елдері бірігіп жұмыс істейді», – деді Президент. Сондай-ақ Елбасы Владимир Путинмен және Германияның іскер топ өкілдерімен өткен кездесу нәтижесін де қорытындылады. Көршілес елмен алыс-беріс едәуір артып, арадағы ынтымақтастық қарқын алып келе жатқанын да тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Бүгінгі мынау қатынасқа немістің Германияның ең үлкен компаниялары бас қосқан жерде тағы бір рет Қазақстанда жұмыс істейтін көпшілігімен істеуге мүмкіншілігім болды. Жеке кездесуде Ресей Президентімен көп мәселелерді шештік деп айтпаймын. Ең негізгісі Қазақстан Байқоңыр арқылы Ресеймен бірге ғаламдық мемлекетке айналайын деп тұр. Себебі «Бәйтерек» деген біздің жобамыз іске асырылатын болады. 2022 жылы Қазақстан ғарышқа өз бетінше жұмыс істейтін мемлекеттердің бірі болады. Кадрларды дайындайтын боламыз. Мына қазір кездескен немістің компаниялары маған өте үлкен әсер қалдырды. Сондықтан барлығы ел үшін, жұрт үшін тамаша болды деп санаймын.

Елбасы кез келген сапарында елге көптеп инвестиция тарту үшін кәсіпкерлерге біздегі мүмкіндіктерді етене таныстырып, егжей-тегжейлі сөз етеді. Елде бизнес қанат жайған уақытта халықтың әл-ауқаты артып, экономика екпінді дами түседі. Мүдделес елдердің ортақ ойы да осы. 

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Мұхтар Ыбырайым, Жұмағали Біргебаев

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top