USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Елбасы Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті қабылдады

  • 444
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елбасы Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті қабылдады akorda.kz

Аграрлы сектор ел экономикасының ең ауқымды драйвері. Бұл ретте салаға құйылған қаржының қайтарымы болуы тиіс. Өкінішке қарай, бұл бізде жүйелі жүзеге аспай отыр. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті қабылдау барысында осылай деп айтты. Кездесуде агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі тетіктері талқыланып, атқарылған істер қорытындыланды.

Президент ауа райының қолайсыздығына қарамастан, биылғы астық шығымының жоғары болғанын атап өтіп, диқандарды науқанның табысты аяқталуымен құттықтады.

Биыл 21,7 миллион тонна астық жиналып, орташа өнімділік гектарына 14,2 центнерден болды. Бұл өз кезегінде ішкі сұранысты қамтамасыз етіп, өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік бермек. Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер әлі де мардымсыз екенін тілге тиек етіп, ғылыми әлеуетке басымдық беру керектігін айтты. Осы орайда Асқар Мырзахметов аграрлық саладағы қордаланған мәселелерді шешу үшін әлеуметтік картаның қолға алынғанын атап өтіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- С хорошим завершением сельскохозяйственного года! Несмотря на сложные условия в начале лета, мы вырастили и собрали очень солидный ёмкий урожай. Есть возможность обеспечить себя, есть возможность экспортировать нашу продукцию. Все показатели в целом показывают положительную динамику. Несмотря на это, мы говорим, что сельское хозяйство, аграрный сектор страны – это очень большой драйвер нашей экономики. И на это вкладываются большие государственные средства. Они должны давать соответствующую отдачу, чего пока, к сожалению, нет. Темпы уборки выше прошлого года. На молочных сегодня 21,7 млн тонн при урожае 14,2 центнера с гектара. Это по сравнению с другими годами неплохие результаты. Мы за это время занимались развитием потребительской кооперации, улучшением семенного фонда, улучшением продуктивности животноводства. Сейчас высказывается мнения, что не субсидии, а, может быть, льготные кредиты давать. Может быть, это тоже имеет место. Ауыл шаруашылығында халқымыздың біразы тұрып жатыр. Жұмыс істейтін адамдардың 15-16%-ы ауылда тұрады. Олардың барлығының жағдайы жаман емес бүгінгі күні. Аралап көріп жүрміз. Ауылымызда халық ауқатты. Барлық жағынан қарағанда. Мал да, жай да, жағдай да бар. Ол жағынан дұрыс. Дегенмен ауыл шаруашылығы өнімінің артымдылығын, бағасын, экспортты көбейту керек. Әсіресе ауыл шаруашылығы жағдайында ғылыммен шұғылдану жағдайы төмендеп барады.

Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі:

- Биыл жылдың басында мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Сол бағдарламада осы міндеттерді орындауға бірқатар шара қарастырылған. Бірақ оған қосымша Сіздің қойған міндеттерге сәйкес, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін, басты бағыттардағы қордаланған мәселелерді тиімді шешу үшін біз 12 карта жасадық. Мысалы тұқым шаруашылығын қалай дамыту керек? Ондағы мәселелерді қалай шешу керек? Техникалар қалай жаңарту керек немесе минералды тыңайтқыштарды қалай пайдалану керек және тағы басқа мәселелер бар. Осы 12 картаның 8-і жасалып бітті. Оның біреуі кооперация жөнінде, бүгінгі таңда жұмыс жасап жатыр. Жаз айларындағы ауыл шаруашылығындағы басты мәселе ол – қайта өңдеу. Үкімет жасалған картаны бекітті. Ал қалған 6 карта тауар өндірушілермен талқыланып жатыр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top