USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті

  • 458
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті

Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб әмірліктері қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид әл Наһаянмен кездесті. Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Біріккен Араб әмірліктерінің сенімді қарым-қатынасын сөз етіп, ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығына тоқталып өтті. Президент экономика мен халықаралық аренада үнемі қолдау білдіріп жүрген тақ мұрагеріне алғысын жеткізді.

Қос ел арасында қазіргі таңда мұнай химия, ауыл шаруашылығы және атом өнеркәсібі салаларында бірқатар бірлескен жоба бар. Айта кету керек, әмірліктер мұсылман әлемінде заманауи технологияларды дамытуда көш бастап тұр. Өз сөзінде Мұхаммед бен Заид әл Наһаян Қазақстан реформаларының заман табалына сай екенін тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Біріншіден сізге ризашылығымды білдіргім келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері қарым-қатынасымыз өте жақсы келе жатыр. Саяси шеруде барлығымыз біргеміз, бізді қолдап келе жатырсыз. Осы жылдардың ішінде бір-бірімізді өте жақсы біліп, жақын болып кеттік. Сіздің аса Қазақстанға деген көңіліңіз менің де дәл сондай көңілім соның барлығына ризашылығымды білдіремін. Қазір үлкен жобаларды жүзеге асырайық деп жатырмыз. Нефтехимия, ауыл шаруашылығы, атом энергиясы жөнінен. Оның барлығының үлкен болашағы бар. Сіздің еліңіз өңірде де, дүниеде де көп дәрежеге ие болды. Ең негізгі мәселе қазіргі заманға сай болу, болашақтан қалып қалмау мәселесіне бүкіл мұсылман елінің ішінде әмірліктер бірінші орында тұр. «Егер де болашақтағы өзгеріске сай боламын десең, бүгін өзің өзгер» деген сөз бар. Сіз соны орындап жатырсыз. Өзгеріске бейімделген ел ғана жақсылыққа жетеді. Сондықтан менің айтайын дегенім, барлығын дұрыс жасап жатырсыз.

Мұхаммед бен Заид әл Наһаян, БАӘ тақ мұрагері, қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары:

– Екі ел арасындағы ынтмақтастықтың тамыры тереңде. Менің әкеммен екеуіңіз біздің елдер арасында серіктестіктің көпірін салдыңыздар. Сізден үйренеріміз көп. Әсіресе, соңғы реформалардың уақытылы қолға алынғанын атап өткім келеді. Қазақстан Сіздің көреген саясатыңыздың арқасында тұрақты дамып келеді. Біз Сізді тәжірибесі мол басшы ретінде құрметтейміз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top