USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

  • 159
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

«Самұрық-Қазына» АҚ құрамындағы компаниялар саны 315-ке дейін қысқарып, басқару деңгейі 4 сатыға дейін азаятын болады. Бұл туралы басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Елбасымен кездесуі барысында мәлімдеді.

Сала басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есеп беріп, компанияны трансформациялау барысы туралы ақпаратпен бөлісті.

Өмірзақ Шөкеев кәсіпорынның кірісі былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 44 пайызға өсіп, 414 миллиард теңгені құрағанын жеткізді. Сонымен қатар Елбасыға холдинг құрамындағы компаниялар санының қысқарып, кәсіпорынды басқару деңгейі оңтайланғаны жөнінде баяндады.

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық – Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

– Бүгін мен Елбасының қабылдауында болып,10 айдың қорытындысын баяндадым.Таза пайда былтырғымен салыстырғанда 44 пайызға өсіп отыр. Бұл көрсеткіштер шығындардың азайып жатқандарын салыстырмалы түрде айтқанда, азайып жатқанын көрсетеді. Түсім 30 пайызға өсіп пайда 40 пайызға асса, ол – жақсы құбылыс деген сөз. Екіншіден, біздің барлық өндірістік компаниялар былтырғы жылмен салыстырғанда жаңағы өндіріс деңгейі жоғары болып тұр. Бұған әрине нарықтағы қалыптасып отырған жағдай өз әсерін тигізеді.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top