USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Елбасы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның Басқарма төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады

  • 167
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елбасы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның Басқарма төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-ның Басқарма төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады.

Кездесу барысында осы салада атқарылып жатқан істердің жай-жапсары баяндалды.

Абай Байгенжин Ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың кезеңімен дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Сала басшысы 2003 жылдан бері  кардиологиялық аурудан көз жұмғандардың саны 3 есеге қысқарғанын тілге тиек етті.

Ендігі меже онкологияға басымдық беру деп атап өтті ол. Абай Байгенжин әлемдік тәжірибені ескере отырып, алдағы уақытта ең үздік технологиямен жабдықталған кешен іске қосылатынын айтты.

Абай Байгенжин, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың директоры:

– Кездесуде еліміздегі онкологиялық қызметтің келешегі қозғалды. Әлемде бұл аурумен күресудің көптеген әдістері бар. Мен Елбасыға осы саладағы жағдай мен Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жайлы баяндадым. Қазіргі таңда ұлттық ғылыми-медициналық мекемеде онкологиялық орталықтың құрылысын аяқтап жатырмыз. Томотерапия ғимаратында соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталады. Ол кез келген зиынды ісіктерді емдеуге мүмкіндік береді. 2018 жылдың 1 маусымынан бастап біз бұл бағдарламаны жүзеге асыра бастаймыз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top