USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Қазақстандық шорттрекшілер әлем кубогының төртінші кезеңін сәтті аяқтады

  • 169
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қазақстандық шорттрекшілер әлем кубогының төртінші кезеңін сәтті аяқтады

Қазақстан құрамасы Сеулде шорт-трэктен өткен әлем кубогының төртінші кезеңін сәтті аяқтады. Спортшыларымыз Олимпиаданың он шақты лицензиясын олжалады. Нақты саны келесі аптада белгілі болады. Әдеттегідей шорт-тректен әлем біріншілігі Қазақстан құрамасының қатысуымен өтті. Ұлттық құрама сапындағы Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Абзал Ажғалиев және Еркебұлан Шамқановтан тұратын команда әлемнің үздік ондығына кіреді.

Бес мың метрге жүгіру эстафетасында басты қарсыластар қатарында Оңтүстік Корея, АҚШ, Нидерланды және Ресей құрамалары болды. Бұл жолы отандастарымыз осы төрт командаға есе жіберіп, бесінші орынды місе тұтты.

Мәдиғали Қарсыбеков, шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Қиыншылықтар болды. Команда капитаны Нұрберген Жұмағазиев бір апта бұрын жарақат алған. Десек те, ол мұз айдынына шығып, соңына дейін жеңіс үшін күресті.

Әйелдер арасында ең жақсы нәтижені Анастасия Крестова көрсетті. Ол 1 500 метрге созылған эстафетада жартылай финалға шықты. Спортшының айтуынша, бұрын үздік уақыт тек 500 метрлік спринтте ғана болатын. Сол себепті де бұл дистанциядағы көрсеткішінің жақсы болуы өзі үшін де тосын сый болды.

Анастасия Крестова, шорт-тректен Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Қателіктер болған сияқты. Маған сенім жетпеді деп ойлаймын. Өйткені әлем біріншілігінде алғаш рет жартылай финалға шықтым. Бұл тамаша тәжірибе. Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын.

Таңғы самал еліндегі әлем кубогының төртінші кезеңі ұлттық құрамаға оң септігін тигізуі тиіс. Себебі тура осы елде келер жылы Пхенчхан қаласында Қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Үлкен додаға дайындықты алдағы уақытта қыздар құрамасы осы елде өткізетін болса, ерлер командасы Нидерландыда жаттығады.

Авторлары: Владислав Цой, Ли Сан Хён

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top