USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Қазақстан Еуразиядағы толыққанды логистикалық хабқа айналды

  • 246
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қазақстан Еуразиядағы толыққанды логистикалық хабқа айналды

Индустрияландыру еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, саланы жаңа деңгейге шығарды. Қазақстан мұхитқа шыға алмаса да Еуразия құрлығында толыққанды логистикалық хабқа айналды. Жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы дәл осы салаға қатысты тағы бірнеше жобаны онлайн режимде іске қосты. Мәселен,  «Эйр Астана» компаниясы  ұшақтарға Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің стандарттарына сәйкес техникалық қызмет көрсететін орталық ашты.

Ал Маңғыстау облысындағы Құрық порты паромдық терминалы бірінші кезеңінің өзінде  жыл сайын қосымша 2 млн тонна жүкті  қамтитын болады. Телекөпірде Еуропаны Орталық Азия елдерімен байланыстыратын ең қысқа жол пайдалануға берілді. Маңғыстау облысында «Ақтау – Бейнеу» автожол жобасының «Ақтау – Шетпе» учаскесі іске қосылды.  Ал «Қазақстан Темір жолы» қызметкерлері Шымкентте мультимодельді транспорттық логистикалық орталықтың ашылғанын хабарлады.  Қазақстан осылай көлік логистикасын  жүйелі іске асыратын болады. Атап айтсақ, «Қорғас-Шығыс қақпасы» құрғақ порты, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі, Ақтаудағы теңіз порты мен Құрық портындағы жаңа паромдық кешен – логистикадағы басымдық берілген басты нысандар. Мұның барлығы жүк тасымалын шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстік бағытқа тиімді тасымалдау мүмкіндігін арттыра түспек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Возьмем сухой пост Хоргос. Эта идея осуществленная мной и бывшим Председателем КНР господином Ху Цзиньтао. Аэропорт в Астане 5,8 млн пассажиров в год. Порт Курык - это осуществленная новинка нашей страны. Вы представляете себе, мы открыли паромную переправу, теперь автомобильный паром в этом году и порт Курык полностью будут готовы к открытию маршрута от Курык-Баку-Грузия-Турция через Босфор в Европу.  Теперь мы можем сказать, что Казахстан  не сухопутная страна. Имеет выход на все моря, включая Персидский залив и т.д. И автомобильные дороги - это отдельный разговор, что мы сделали за эти годы. Это колоссальная, никогда не делавшаяся работа по всему Казахстану.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top