USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Нұрсұлтан Назарбаев: Индустрияның болашағын өскелең ұрпаққа сеніп тапсыру қажет

  • 191
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Нұрсұлтан Назарбаев: Индустрияның болашағын өскелең ұрпаққа сеніп тапсыру қажет akorda.kz

Елімізде индустрияландыру бағдарламасы аясында бүгін тағы 25 жаңа кәсіпорын өз жұмысын бастады. Өндіріс орындары жалпыұлттық телекөпір аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменімен іске қосылды. Елбасы атқарылған жұмыстарды саралап, Үкіметке жаңа міндеттер жүктеді. Тапсырма да аз болмады. Орайы келгенде шетелдік есепшоттарда қыруар қаражат ұстап отырған отандық компаниялардан қаржыны елге қайтаруды талап етті.

Индустрия ел экономикасының болашағы. Екінші бесжылдықтың 3 жылы аяқталды. Төртіншісі басталды. Жаңа іске кіріспес бұрын өткенге көз жүгіртіп, алдағы міндеттерді айқындайтын дәстүр бар. Жыл сайын өтетін жалпыұлттық телекөпірдің мақсаты осы. Мұнда Президенттің пәрменімен жаңа кәсіпорындар іске қосылады. Бұл көптің бірі емес. Инновациялық өндірістер. Соның бірі Ақмола облысындағы алтын өндіру фабрикасы. Кәсіпорынның ерекшелігі, ол алтын қалдықтарын кәдеге жаратып, толығымен өңдейді. Елімізде бұрын-соңды мұндай өндіріс болмаған.

Баламир Маханов, «Қазақ АлтынTechnology» ЖШС бас директоры:

- Құрметті Елбасы! Сіздің индустрияландыру саясатыңыздың арқасында ТМД  арасында алғаш болып құрамында бағалы металдар бар техногендік минералды түзілістерді өңдеу кәсіпорнын ашқалы тұрмыз. Жоба іске қосылған соң 7 млн тонна өңдеуге мүмкіндік туады.  Алғашқы жылдары Доре қорытпасы 4 тонна алтын, 2 тонна күміс өндіретін боламыз. Ал олардың елордамыздағы аффинаждау зауытында ары қарай өңделуі еліміздің алтын қорын толықтыруға мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Әбішұлы, іске қосуға рұқсат беруіңізді сұраймын!

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- 4 тонна алтын шығару деген бұл алтын шығарудың үлкен өндірісі болып саналады. Мен өте қуаныштымын. Баршаларыңды құттықтаймын. Барлық жұмыскерлерге осыны қосқаны үшін ризашылығымды білдіріп, зор денсаулық, үлкен табыстар тілеймін! Қосыңдар!

Индустрияландырудың тағы бір жемісі елімізде машина жасау саласының дамуы. Кезінде Қазақстан көлік шығарады дегенде күмәнмен қарағандар көп болды. Құдды ертегідей көрінді. Бүгін ешкім таңдана қоймас. Соңғы 7 жылда машина жасау саласының өндірісі 3 есеге артты. 700 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Енді бұл көрсеткіш одан да арта түспек. Телекөпір кезінде Елбасы істен шыққан көліктерді қайта өңдеп, кәдеге жарататын зауытты іске қосты. 

Айдын Нұрахметов, RecyclingCompany» ЖШС қамқоршылық кеңесінің мүшесі:

- Нұрсұлтан Әбішұлы! Бұл – көлік құралдарын кәдеге жарататын Қазақстандағы алғашқы зауыт. Оны біз 9 айдың ішінде салып біттік. Мұндағы жоғары технологиялық қондырғылар жылына 50 мың көлікті қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде 30 мың тонна қара және түсті металл аламыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-  Это первое предприятие такого плана в Казахстане. Вы смотрите, когда мы начинали первые шаги независимости, в Казахстане было всего 700 тысяч автомобилей. Сейчас около 5 млн автомашин ходят по нашим дорогам. Они изнашиваются, как и всё в жизни. И они засоряют окружающую среду, а вы их используете на благо. Вытаскиваете оттуда все, что необходимо: провода, цветные металлы, которые тратились. Учитывая, что у нас сейчас в стране производятся 18 видов легковых автомобилей, ваша работа имеет большую перспективу.

Еліміз көліктен бастап ауыл шаруашылығы өнімдеріне дейін экспортқа жөнелтіп жатыр. Қазір «Қазақстанда шығарылған тауарлар»  әлемнің 112 мемлекетіне саудаланады. Бұл ретте орта және шағын кәсіпорындардың үлесі зор.

Темірғали Ескендіров, «Жайық Агро LTD»  ЖШС директоры:

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Барлық ауылшаруашылық мамандары атынан Сізге алғыс білдіремін! Еліміздің батыс, шығыс және солтүстігіндегі 3 жаңа тағам өндірісі – бизнес пен ауылшаруашылық кешенінің дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі. Аграрлық сала экономиканың қозғаушы күшіне айналуы үшін барымызды саламыз.

Ал өндірілген өнімді шетелге жөнелту қиын емес. Индустрияландыру жылдары 3200 шақырым жол төселді. Осылайша Қазақстан Еуразияның теміржол торабы мен автокөлік дәлізіне айналып отыр. Енді еліміздің транзиттік әлеуеті одан сайын арта түспек. Бүгін 4 бірдей инфрақұрылымдық жоба жұмысын бастады. «Эйр Астана» ұлттық компаниясы Орталық Азиядағы ең ірі авиажөндеу кәсіпорнының негізін қалады. Ал оңтүстікте жылына 1 млн тонна жүк өткізетін мультимодальді көлік-логистикалық орталық ашылды. Батыста Ақтау-Бейнеу тас жолының бір бөлігі және Құрық портының Түркия мен Еуропаға қатынайтын жаңа маршруттары іске қосылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Теперь мы можем сказать, что Казахстан – это не сухопутная страна и имеет выход ко всем морям, включая Персидский залив и т.д. И автомобильную дорогу вы сказали. Это отдельный разговор что мы сделали за эти годы. Это колоссальная работа по всему Казахстану.

Индустрияландыру бағдарламасы жаһандық дағдарысқа жауап болды. Әлемде шикізат бағасы құлдыраған кезде, «Қазақстанда жасалған» деген таңбамен бізде бұған дейін өндірілмеген өнімнің 500 түрі шығарылды. Бюджетке салмақ салмай, шетелден қаражат тартылды. Нақты жоспарға негізделген бағдарламаға қызыққан инвесторлар қаржысын салды. Жаңа кәсіпорындар бой көтерді. Бүгін тағы осындай 3 өндіріс орны өз жұмысын бастады. Соның бірі «Химфарм» зауыты жаңа цехын іске қосты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Я еще раз предупреждаю тех, кто ставит палки в колеса развитию нашей отечественной фармацевтической отрасли. До сих пор люди, имеющие в Казахстане связь с иностранными компаниями, наверное, по не очень хорошим причинам держатся за свои контракты и очень тяжело пропускают наши компании.

Бағдарлама іске асқан 7 жылда өңдеуші секторға құйылған тікелей инвестиция 26 млрд доллардан асты. Нәтижесінде өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің экспорттағы үлесі 23 пайызға артты. Бағдарламаның о баста көздегені осы мұнайға байланбай, шикізатқа тәуелділіктен арылу.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгін біз халыққа 300 мың жалақы төлейтін болсақ, ертеңгі күні мұнайдың бағасы төмендеді деп 100 мың теңге бере алмаймыз ғой. Зейнетақы да солай. «Мынау төмендеп кетті, сендерге зейнетақыны 3 есе төмен береміз» деп айта алмаймыз. Сондықтан мұнай мен газдың жасайтын ирелеңін кеміту үшін не істеу керек? Екінші экономика жасау керек. Бүкіл дүние сияқты. Өздеріңіз қарап отырсыздар, алдыңғы қатарлы мемлекеттің бірі Оңтүстік Кореяда мұнай мен металл тұрмақ, бір түйір көмір де жоқ. Сингапурда қандай мұнай-газ бар?! Швейцарияда қандай бар?! Германияда не бар?! Бірақ ақылмен, оймен алдыңғы қатарлы ел болды.

Еңбек өнімділігін арттыру да басты міндет. Ол үшін өндіріске инновацияны енгізу керек. Осы заманауи технологияның тілін білетін сапалы мамандар дайындау да маңызды. «Жас келсе іске» деп, индустрияның болашағын өскелең ұрпаққа сеніп тапсыру қажет», деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сегодня надо отдавать работу в руки 25-30-летним, и не надо этого бояться. Они будут делать дела, надо дать им дорогу, не мешать им.

Тікелей Президенттің бастамасымен іске асқан бағдарламаның ауыз толтырып айтар нәтижелері де жоқ емес. Жалпы құны 5 жарым триллион теңге болатын мыңнан аса кәсіпорын іске қосылды. 101 мың тұрақты жұмыс орны құрылып, 8 триллион теңгенің өнімі өндірілді. Бұл бағдарламаның 7 жылдағы жетістігі. Ал биыл жалпы құны 1,9 трлн теңге болатын 127 жоба іске асты. Индустрияландыру саласында қызмет ететін әр жұмысшы шамамен 3600 доллардың өнімін шығарды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- На госпрограмму инновационно-индустриального развития предприятия, которые сдали за эти годы, произвели продукцию на 9,5 трлн тенге, а затрачено было 5,2 трлн тенге. Разницу чувствуете? То есть мы втройне возвращаем вложенные деньги в этот объект, а не просто тратим. Это должен народ знать, и мы сами должны знать.

Іске қосылған әрбір кәсіпорынды Президент өз бақылауында ұстайды. Бұл өндіріс орындарының қайтарымы болуы қажет. Экономикаға түсім түсуі тиіс. Алмақтың да салмағы бар. Құрылысына қыруар қаражат жұмсалған Алматыдағы «Алатау технопаркі» ел игілігіне жұмыс істеуі керек. Бірақ әзірге көздеген меже орындалған жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- До парка инновационных технологий «Алатау» я еще не добрался. Мы его создаём много лет, потратили огромные средства, а дальше не видно пока что, что они делают. Кто-нибудь в Правительстве, может быть, знает? Чем занимаются? Огромные площади, помогаем, вкладываем деньги, создаём инфраструктуру. 

ЕХРО-ға қойылған тың технологиялар да босқа тұрмауы тиіс. Елбасы бұл жобаларды өндіріске енгізіп, ел игілігіне жарату керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы успешно провели ЭКСПО, на ее площадке было продемонстрировано 140 научных изобретений в области возобновляемых источников энергии. Прошло 2 месяца и уже начали забывать, что у нас выставка ЭКСПО была! Но я не забуду! Для чего мы проводили? Для чего провели колоссальную работу?! Нам пришли показать самые лучшие достижения мира!  Пришли, показали, по моей команде они все засняты должны быть. И теперь будем спать? Забыли? Ничего подобного! Правительству нужно выстроить работу по практическому применению и использованию этих новаций. Поехать в эти страны, посмотреть, как работают, подумать, как это у нас может заработать. То есть практическое применение этих новаций лежит полностью в ответственности Правительства.

Үкіметке жүктелген тағы бір міндет – мүлікті заңдастыру. Қазақстанда тапқан қыруар қаражатты шетелдік есепшоттарда ұстаудың қажеті жоқ. Әйтпесе бір сәтте қолда бардан айырылып қалуыңыз ғажап емес. Президент бұл жайында талай рет ескертті. Заңдастырылған бір тиынға тиіспейміз деп кепілдік те берді. Енді сөзден іске көшетін кез жетті. Бірақ қолданыстағы заңнама әлсіз. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысына түрлі құйтырқы әрекеттер арқылы қаражатын шетел асыратындарға заң жүзінде тойтарыс беретін құжат әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ 18 отандық компания 12 жарым миллиард долларды шетелде ұстап отыр. Оның тең жартысы «Теңізшевройл» мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компанияларына тиесілі. Елбасы қыруар сомманы елге қайтаруды талап етті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- В сегодняшней жизни, турбулентности законов, вы потеряете деньги, которые держите за бугром! Разве не видите этого? В условиях санкций. И никто вам не поможет. Возвращайте деньги и держите в Казахстане. Какая гарантия нужна вам? Законами? Указами? Я это сделаю! Не сделаете это, мы сделаем сами! Не обижайтесь только, я говорил тогда еще. Почему вы так делаете? Зарабатывая на казахстанских ресурсах, работая у нас, и держите деньги там. Почему эти деньги не работают на Казахстан? Поручаю Правительству как акционеру разобраться, и доложи мне. С каждым поговори. Если не сделаете, тогда предупреждаю, что по-другому буду работать, как возвратить эти деньги, но вас уже не будет.

Заман көшінен қалмас үшін бағдарламаны жаңартып отыру керек. Ол үшін индустрияландыру саласына сандық технологияларды енгізу маңызды. Үкіметтің болжамына сүйенсек, цифрландырудан түсетін пайда орасан зор болмақ. Мәселен, 2025 жылға қарай:

транспорт және логистикадан 400 млрд теңге, агроөнеркәсіптен 46 млрд теңге, IT-технологиясы саласынан инвестиция есебінде 67 млрд теңге түсім түседі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-  30% роста экономики будет составлять внедрение Цифрового Казахстана. Это важная, новая отрасль, можно сказать, главная задача, которая стоит перед Правительством. Сможет сделать это Правительство – сможет, не сможет, то должно другое Правительство работать! Вот так стоит вопрос. Настолько серьезно я обостряю. Цифровой Казахстан это наше будущее.

Негізгі салаларға сандық технологияларды енгізіп, жаңа секторларды дамытудың нәтижесінде елімізде 300 мың жұмыс орны құрылады. Еңбек өнімділігі 15 пайызға артып, алдағы 7 жылда экономикаға 2 трлн теңгеден астам пайда келеді. Бұл шаралар еліміздің әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуын қамтамасыз етпек. Бастысы жоспар айқын. Енді нәтижесін күтейік. 

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Марат Диханбаев, Хасен Омарқұлов  

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top