369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің басты ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні құтты болсын!

  • 757
  • UPD: 11:09, 16.12.2017

Бүгін – Тәуелсіздік күні. Ата-баба аңсаған асқақ арманның орындалғанына биыл 26 жыл толды. Егемендігіміздің ширек ғасыры тарих қойнауына кетсе де, осы күнге дейін ел болып бағындырған белестер келешекке бастар берік іргетас болып қаланды. Зайырлы мемлекеттің ең басты қазынасы мен құндылығы адам өмірі және оның құқықтық бостандығы болып қала бермек. Қазақстан ТМД кеңістігінде инвестиция тарту жағынан көш басында келеді.

Бірқатар халықаралық ұйыммен тығыз байланыс орнатып, әлемдік сахнада өзіндік ықпалы барын көрсетті. Қазір күллі әлем Қазақстанды бейбітшіл әрі бітімгер ел ретінде таниды.

Бүгін осынау ұлы мерекені бүкіл ел болып тойлаймыз. Әр өңірде мәдени шаралар өтеді. Айта кетейік, кеше ғана туған елінің гүлденуіне елеулі үлес қосып, толағай табыстарға жеткен дара тұлғалар мен ел ағалары Елбасының жоғары құрметіне ие болып, лайықты марапаттарын алды.

Хабар 24 телеарнасы