Данэлия Төлешова «Голос. Дети» шоуында жеңіске жетті - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Данэлия Төлешова «Голос. Дети» шоуында жеңіске жетті

Данэлия Төлешова «Голос. Дети» шоуында жеңіске жетті

Алматылық Данэлия Төлешова Украинада өткен «Голос. Діти» шоуында жеңіске жетті.

Үздік әнші тікелей эфир кезінде смс арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды. Суперфинал кезінде 10 жастағы отандасымыз «Океан Эльзы» тобының «Не твоя война» әнін әуелете шырқап, талайды таңдай қақтырды. Қаршадай қазақ қызының таланты қазылар алқасын да қайран қалдырды. Ал тәлімгері Дмитрий Монатик тіпті көз жасына ерік берді. Кеш соңында Данэлия Төлешоваға байқау жүлдесімен қоса Париж қаласындағы «Диснейлендке» жолдама табысталды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде