Елбасы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Елбасы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді

Елбасы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді @AkordaPress

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен кездесіп, өзекті сауалдарына жауап берді. Атап айтқанда, Астанада өткен EXPO 2017 мамандандырылған көрмесіне және оның экономикалық әсеріне кеңірек тоқталды. Сондай-ақ еңбек миграциясы, «жасыл» экономика қағидаттарын енгізу және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мәселелерін жан-жақты тарқатып айтты. Елбасы қоғамдық сананы жаңғыртудың және қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығын да атап өтіп, Қазақстандағы «100 жаңа есім» жобасы жөнінде де ой бөлісті.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өзіне қатысты да сауалдар қойылды. Айта кетейік, төртінші билік өкілдерінің Елбасымен сұхбаты дүйсенбі күні, яғни 25 желтоқсанда республикалық телеарналардан көрсетіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Биылғы жылды тәмамдап келе жатырмыз. Әр жылымыз – үлкен белес, көп жұмыс. Халық үшін, ел үшін еңбек етіп келе жатырмыз. Бұл жыл да табысты болды деп ойлаймыз. Жалғыз саяси жаңғыру мәселесі емес, басқаларды да шештік. Дегенмен сұрақ қойылғаннан кейін айтайын, жаңағы үш бағдар бірінші экономика, екінші саясат, онан кейін рухани бірге жүреді. Біздің жасаған экономикалық шаруаларымыз елге белгілі. Осы 26 жылдың ішінде Қазақстан өз аяғынан тік тұрып, белгілі мемлекет болып, халықтың жағдайын түзетті. Саяси жағынан баяғы советтік жүйеден бүгінгі заманға сай заманауиға көштік. Либералдық саясатты жүргізіп келе жатырмыз. Алдымызда үлкен мақсаттар бар. 2050 жылға дейін 30 озған елдің арасына ену керек. Сол үшін тек экономика мен саясатпен ғана қала алмаймыз. Рухани жағдайымызды бірге өсіру керек. Рухы мықты ел қандай қиыншылыққа болса да, төтеп береді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде