USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ұжымына жаңа Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті таныстырды. Үкімет басшысы Ахметжан Смағұлұлының ел алдындағы елеулі еңбектеріне тоқтала келіп, біліктілігі мен іскерлігін, мемлекеттік тапсырмаларды орындаудағы кәсіби деңгейін атап өтті.

Аз уақыт аралығында ЕХРО 2017 халықаралық мамандандырылған көрменің дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде атқарып, оның сәтті өтуіне үлес қосқанын да тілге тиек етті. «Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» қорына маңызды тапсырмалар жүктер отыр» деген Бақытжан Сағынтаев Басқарма төрағасының жұмысына сәттілік тіледі.  

Хабар 24 әлеуметтік желілерде