USD 340.98

EUR 394.60

РУБ 5.34

Елбасының жыл қорытындысы бойынша сұхбаты арнамыздан сағат 21:30-да көрсетіледі

Елбасының жыл қорытындысы бойынша сұхбаты арнамыздан сағат 21:30-да көрсетіледі Фото: .akorda.kz

Елбасының биылғы жылды қорытындылаған сұхбаты бүгін біздің арнамыздан сағат 21:30-да көрсетіледі. Онда Президент жетекші БАҚ өкілдеріне бірқатар маңызды мәселе бойынша пікір білдірген. Биліктегі жаңа тағайындаулар мен алдағы уақытта Қазақстан-Қырғызстан және Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарының қай бағытта дамитыны жайында айтқан.

Парламент пен Үкімет белсенділікті күшейту керектігіне мән берген. Еңбек миграциясы «жасыл экономика» қағидаттарын енгізу және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мәселелеріне де ерекше тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық сананы жаңғыртудың және қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығын да тілге тиек етті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының жеке тұлғасына қатысты сауалдар да қойылды. Халықаралық EXPO көрмесі мен Универсиадаға кеткен шығын төңірегінде де Президент өз ойын ортаға салды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Қандастарын еліне шақырып жатқан дүниеде үш-ақ мемлекет бар, соның бірі Қазақстан. Бастапқы кездерде әдейі сол елдерге барып, жағдайларын сұрап, ұлы көшті бастадық. Содан бері 1 млн қандасымыз келді. Олардан өсіп жатқан ұрпақтар одан да көп. Жыл сайын ол кездегідей лап қоймаса да, ол көш тоқтаған жоқ. Ешкімге біз тоқтатпаймыз. Келем дегендерге есік ашық. Олардың жастары келіп, әсіресе оқуға түсіп, келіп жатыр оны қуанышпен қабылдап жатырмыз. 4 млн аса қандасымыз бар. Оларға біз келсең де, келмесен де кел деп айта алмаймыз. Ол жақта жағдайлары жақсы болса, қиыншылық көрмесе тұра берсін. Өздеріне байланысты. Келем десе кел дейміз. Біздің қалталы азамттарға айтарым, соны біз де қандастарымызды қабылдауға жақын болуымыз керек. Қазір арнайы қор құрылды. Соған қол ұшын беру керек.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде