USD 339.95

EUR 394.60

РУБ 5.34

Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісімге қол қойылды

Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісімге қол қойылды

Қырғызстан Президентінің елімізге сапары аясында осындай маңызды уағдаластық орнады. Кездесу барысында қос ел басшысы шекараға қатысты мәселелерді талқылап, арадағы түйткілдердің түйінін тарқатты.

Бұл Сооронбай Жээнбековтің елімізге жасаған алғашқы ресми сапары. Әріптесіне Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада барынша құрмет көрсетіп, дипломатиялық талапқа сай қарсы алды. Қос ел басшысы жуырда ғана Минскте өткен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысында кездескен болатын. Сол кезде Президенттер кеден қызметіне қатысты кикілжіңді реттейтін жол картасын қабылдауға келісті. Енді бұл жүздесу болған жайттарды артта қалдырып, қазақ-қырғыз қарым-қатынасының жаңа парағын ашады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Екінші рет сіз сайланғаннан кейін кездесіп отырмыз. Минскіде кездестік. Көп мәселені шештік. Енді мінеки ресми сапармен менің шақыруыммен бастаған жолыңыз құтты болсын. Ақ болсын. Екі еліміздің достығы мен болашағына жұмыс істейтін болсын. Біз күттік сіздерді. Қуанышпен қарсы алдып отырмыз. Қырғыз делегациясын сіз бастап келген барлық қойған мәселелерді шешуге Қазақстан жағы әр уақытта дайын. Осы 26 жыл тәуелсіздік жағдайында өмір сүріп келе жатырмыз. Мен өз басым, Қазақстан Қырғызстанға бір де бір рет сөз тигізіп, басқа жағынан жаманшылық жасауға бір қадам жасаған жоқ. Ол дұрыс, себебі біз келеміз, кетеміз. Сондықтан әр поколениенің мойнында тұрған жүгі сол қарым-қатынасты, достықты, жақсылықты тап-таза ретінде келесі ұрпаққа тапсыру. 

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті:

- Сіз біздің ақсақал ағамызсыз. Қазақстанға шақырғаныңыз үшін ризашылық білдіремін. Биыл біздің елдер арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Ал Достық келісіміне қол қойғанға 20 жыл. Менің бұл сапарым мерейтойлық кезеңмен тұспа-тұс келді. Нұрсұлтан Әбішұлы, сіз дұрыс айтасыз, қазақ-қырғыз бір туған ел. Ішкен суымыз, жайлауымыз да бір. 

Қазақ-қырғыз бір туған. Еліміз қырғыз халқын қолдап, бар көмегін аяған емес. Қазақстан әркез «аға» деп құрмет тұтқан қырғыз билігі жәрдем сұрап келген кезде қолын қайтарған жоқ. Қырғыз елі мұны жақсы біледі. Сондықтан бауырлас елдер арасына сызат түспеуі тиіс. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Осы 25 жылдың ішінде екі елдің тәуелсіздігі нығайды. Қарым-қатынасымыз нығайды. 150 құжатқа қол қойылды. Мұндай документальный база ешкімде жоқ шығар деп ойлаймын. Сондықтан мынандай институтциональный екі елдің арасындағы қатынас басқа елмен Қазақстанда жоқ. Тек ғана Қырғызстанмен осыншама құжаттарға қол қойылды. Осыншама келісімдерге қол қойылды. Сондықтан жағдайымыздың барлығын екі елдің арасындағы бар мәселелерді шешіп тастап, артқа қалдырып болашаққа қарай бет бұруға мүмкіншілігіміз бар. Біз, мен өзім оған әбден дайынмын. 

Кеден қызметіне қатысты жол картасы арадағы түйткілдердің шешімі болмақ. Құжат Қырғызстандағы көлеңкелі бизнеске тосқауыл қойып, салық түсімін 10 пайызға дейін арттыруға ықпал етпек. Қырғыз тарапы кеден, салық, ветеринарлық, фитосанитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды толығымен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сай іске асыруға міндетті. 

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті:

- Жол картасына қол қойылғаннан бері  біздің министрліктер белсене жұмыс істеді. Қазір де тапсырмалар берілді. Оның негізінде көп мәселе шешілуі тиіс. Еуразиялық экономикалық одақтың мүмкіншіліктерін кеңінен қолданамыз деген ниеттеміз. Сіз мәселелерді дұрыс шештіңіз. Мен өз тарапымнан біздің достығымызды одан әрі бекемдей түсуге қолдан келгеннің бәрін жасаймын. 

Арадағы алыс–беріс биыл 10 айда 600 млн долларға жетті. Яғни былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға артқан. Қырғыз елі бізге электр  энергиясын, сүт өнімдері мен көкөністер, жеміс-жидек экспорттайды. Ал бұл елде бидай мен ұнға деген қажеттілікті толығымен біз өтейміз. Минералды шикізат, көмір және мазут жеткізіп отырамыз. Нұрсұлтан Назарбаев қол жеткізген көрсеткіштерге тоқмейілсімей, 2020 жылға дейін арадағы сауда айналымын 1 млрд долларға жеткізу керектігін атап айтты. Қазақстан қырғыз елінің сенімді серіктесі. Қаржы құйған ірі инвестор. Сондықтан іскер азаматтарға бизнес жүргізуге екі жақты қолайлы жағдай жасау міндеті тұр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Казахстан является одним из основных партнеров Кыргызстана. И одним из основных инвесторов. За эти годы вложено порядка 650 миллионов долларов в кыргызскую экономику. Действует несколько сот совместных предприятий. В Казахстане работают больше 700 предприятий с участием Кыргызского бизнеса и капитала. 

Қырғыз басшысының елімізге сапары жемісті болды. Бірқатар уағдаластықтарға қол жеткіздік. Соның бірі қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасын деморкациялау  жөніндегі екі ел арасындағы келісім. Құжатқа қол қойылды. Мөр басылды.  Ал қос ел үкіметі арасында шекара тәртібі жөніндегі келісім орнады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- По демаркации режим государственной границы не решались долгие годы. Это именно принцип доверия. Не будет порядка на границе, не будет порядка между государствами. Я благодарен, что Сооронбай Шарипович взялся за этот вопрос и мы сегодня смогли его подписать. Подписание данных документов завершает межгосударственное-правовое оформление наших границ по всей ее длине. 

Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті:

- Бүгін біз тарихи құжаттарға қол қойдық. Осылайша екі ел арасындағы шекара мәселесін заңдық тұрғыда рәсімдеуді тәмамдадық. Бұл қос мемлекеттің арасындағы сенім және өзара тиімді серіктестіктің нышанына айналады деген сенімдеміз. 

Президенттер қазақ-қырғыз ынтымақтастығы мәселесін бір жолға қойғаннан кейін халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер аясындағы әріптестік жайын да талқылады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сейчас все нормализуется. Со стороны Казахстана эти меры были приняты были только для того, чтобы соответствовать принятым нами договорам в рамках ЕАЭС. В результате ситуация на границе нормализовалась, на пунктах пропуска отсутствует скопление транспорта, наблюдается количество нарушений. Дорожная карта состоит не только из оперативных, краткосрочных, но и системных мер, которые требуют определенного времени для полного решения. В этой связи правительствам наших стран сегодня на нашей отдельной встрече в узком составе поручено обеспечить качественную реализацию каждого пункта этого документа. 

Ал кәсіпорындар арасында туындаған дау-дамайларды шешу үшін тараптар қазақ- қырғыз іскерлік кеңесін құру керектігін айтты. Өзара тәжірибе алмаса отырып, сандық технологияларды дамыту да маңызды. Ол екі ел үкіметіне жүктелген міндет. Елбасы су ресурстарын тиімді пайдалану керектігіне де мән берді. Бұл ретте Халықаралық Аралды құтқару қорының жұмысын үдете түсу қажет. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Все вопросы, которые необходимо было обсудить обсуждены. Не осталось никаких несказанных и каких то скрытых или каких то вопросов, которые в будущем будут представлять препятствия для наших отношений. И в этой вот открытой, доверительной обстановке мы договорились о том, что комиссия и группы, которые мы создаем создадут специальный протокол по нашей сегодняшней встрече и мы возьмем под контроль каждый пункт исполнения этих договоренностей. 

Жиын соңында Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевты Қырғызстанға ресми сапар жасауға шақырды. Сондай-ақ мұқым қазақ елі келер жылы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығын атап өтуге атсалыстандығына сенім білдірді. 

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Жанұзақ Боранбаев

Хабар 24 әлеуметтік желілерде