Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Владимир Путинмен кездесті. Елбасы әріптесіне ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне шақырғаны үшін алғыс білдіріп, келіссөздердің жемісті өткенін атап өтті. Сондай-ақ бүгінде екі ел арасында шешімін таппаған мәселе жоқ екендігін айтты. «Тәуелсіздіктің 26 жылы ішінде екі елдің байланысы артты», – деп атап өтті Президент. Осы орайда Елбасы Еуразиялық интеграцияға тоқталып, Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын сөз етті.

Ресей Федерациясының Президенті екіжақты қарым-қатынастар табысты дамып келе жатқанына тоқталып, жоғары сарапшылық деңгейдегі мамандардың цифрлық технологияларды дамытуға арналған кездесуін Қазақстанда өткізу жөніндегі бастамасы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа айрықша алғыс айтты. Сонымен қатар екіжақты әріптестік те сәтті жүзеге асып отырғанын жеткізіп, екі ел арасындағы тауар айналымы 10 айда 34 пайызды құрағанын тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Спасибо, Владимир Владимирович, за приглашение, за эту встречу. Вчерашняя очень доверительная была встреча с нашими коллегами по СНГ и свободный обмен мнениями, разговор, подведение итогов уходящего года, который был очень насыщенным для всех. Самое главное, мы отметили, что на территории СНГ царили мир, спокойствие и стабильность, что была возможность нашим гражданам спокойно работать и воспитывать детей. Для России год был непростым. Санкционная политика и война в Сирии по просьбе правительства Сирии, победоносная война под вашим руководством восстановила гордость России и показала её державой, которая может отвечать за глобальный мир на земле. Как ближайшему соседу, партнёру и союзнику Казахстану всё это очень приятно. Мы за этот год встречались неоднократно. Вопросы, которые были между нашими странами, – нет никаких вопросов. За 26 лет независимого развития как России, так и Казахстана мы только сближались, создавали договорную базу, которая создала условия для нормальной работы. Сегодня кооперация в рамках Евразийского экономического союза показывает свою необходимость и возможность. Когда меня спрашивают, зачем этот союз, зачем Таможенный союз, я говорю, что если бы когда-то были таможенные границы между Европой и Америкой, Колумб бы не смог поехать туда, или Марко Поло не смог бы проехать через Казахстан в Китай. А сейчас, через столько лет, мы открыли границы и чувствуем, что это полезно. Товарооборот растёт, кооперация растёт. По всем сложным вопросам мы договаривались – по границе, по Каспию, по Байконуру. И наша межрегиональная встреча в Челябинске – всё это на радость, как говорится, нашим двум народам, которые жили всегда по соседству. Я считаю своей задачей, укрепить наши взаимоотношения, продолжить и передать потомкам. Хочу поздравить всех россиян с наступающим Новым годом. Чтобы он был лучше. И этот год приносил каждой семье, каждому человеку радость, удовлетворение своей жизнью, своей работой и процветания народу России.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті: 

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, кешегі ТМД елдері басшыларымен бейресми кездесу барысында және бүгін екіжақты қарым-қатынасты талқылауды жалғастырып отырғанымызға қуаныштымын. Сөз басында атап өткім келгені, Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы өте сәтті дамып келе жатыр. Мәселен, ағымдағы жылдың 10 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 34 пайызға артқан. Бұл өзара байланысқа зор серпіліс беріп отырғаны анық. Бүгінде Ресей Қазақстан экономикасына миллиардтаған инвестиция құйып отыр. Бұл да жоғары сенімнің белгісі. Бастысы, біз қазір өзара байланыстың жаңа парағын ашқалы отырмыз. Сізбен бірге энергетика, ғарыш және жаңа технологиялар саласында әріптестікті нығайту турасында сөйлестік. Қазіргі кезеңде маңызды салалардың біріне айналған цифрлық технологияларды дамыту, оның болашағы бойынша бірлескен жұмысты нығайту тақырыбын да қаузадық. Осы мәселе төңірегінде Қазақстанда мамандардың жоғары деңгейдегі кездесуін ұйымдастыру бастамасын көтеріп отырғаныңызға да алғысымды білдіргім келеді. Қорытындылай келе, Қазақстан Ресей Федерациясының экономика саласындағы басты әріптестерінің бірі, сондай-ақ стратегиялық серіктесі екенін атап өткім келеді. Осы орайда, Нұрсұлтан Әбішұлы, өзіңізге және бүкіл Қазақстан халқына 2018 жылы жаңа табыс пен барлық жақсылықты тілегім келеді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде