Мемлекет басшысы елордадағы жаңа жылдық қайырымдылық балына қатысты - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Мемлекет басшысы елордадағы жаңа жылдық қайырымдылық балына қатысты

Мемлекет басшысы елордадағы жаңа жылдық қайырымдылық балына қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңа жылдық қайырымдылық балына қатысты. «Бұл мереке әрдайым көтеріңкі көңіл-күй мен бақытты болашаққа деген үміт сыйлайды», – деп атап өткен Елбасы өтіп бара жатқан жылдың  ауқымды оқиғалармен есте қалғанына ерекше тоқталды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы: «Алдағы жылы Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етіп, онда еліміздің бейбіт бастамаларын ілгерілету мәселелеріне мән беріледі», – деді.

Шарада есте қалған тағы бір сәт,  желтоқсан айының басында Чехияның «Слован» командасынан 1:0 есебімен басым түскен «Астана» клубы ел тарихында тұңғыш рет Еуропа лигасының плэйй-офф кезеңіне жолдама алған болатын. Бүгін осы матчтағы жеңіс голы соғылған доп Мемлекет басшысына табысталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Құрметті халайық, астаналық ағайын! Мына жерде тұрған менің қызметтестерім, әріптестерім, қыз-келіншектер, жастар! Бала кезімізден асыға күтетін Жаңа жыл – әр уақытта армандайтын, ойлаған ойыңды болдыратын, арманыңа жететін тілектерді тілейтін күн. Сондықтан мен сіздерді шын жүректен Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Өтіп бара жатқан жылы Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығын атап өттік. Осы жылдар ішінде төңіректегі болып жатқан қиыншылықтарға қарамай, еліміз аман, жұртымыз тыныш, дастарханымыз алдымызда, халықтың баспанасы басында, төбесі биік, табалдырығы мықты. Солай жүргенімізге тәубе дейміз. Өткен жылға басымызды иіп, ризашылығымызды айтамыз. Дорогие друзья! Я прибыл, чтобы поздравить вас с наступающим годом. Новый год – всегда светлый праздник. Не только дети, но взрослые любят этот праздник. Мы тоже живем в ожидании чуда. Все желания находятся внутри нас. Бог когда создал людей, животных и всех, он говорил: «Все хотят счастья. Где мне спрятать это счастье? В земле спрячу – найдут, в воде – найдут, в небе – найдут. Давай-ка я спрячу счастье в каждом человеке». Так что счастье в каждом из нас. Только надо сильно захотеть, и надо стремиться, чтобы достичь этого счастья. И оно из вас выйдет, и придет к вам обязательно. Желаю вам счастья! Наступает 2018 год. Каждый год по-своему важен. В больших трудах проходит. Такова жизнь, такой мир сейчас. В этом году мы начинаем председательство в Совете ООН. Это исключительное доверие молодому государству, которое оказывают более 200 стран мира. Мы дорожим этим и будем с января месяца там председательствовать. Следующий год, я думаю, год съезда мировых традиционных религий. Год Саммита совещаний по мерам доверия в Азии. То есть много больших, замечательных дел, больших вопросов, свидетелями, которых мы будем. Самое главное, мы хотим, чтобы это был еще один добрый шаг на пути развития, рассвета нашей страны на благо нашего народа. И я хочу пожелать вам всего самого доброго, счастья, крепкого здоровья! Я казахстанцев еще 31 числа ночью буду поздравлять. Еще раз искренне желаю, чтобы было все хорошо в жизни. Самое главное, чтобы был мир над нашей страной. Чтобы я больше видел радость в наших гражданах. Я уже говорил, есть конечно люди, которые не устроились в этой жизни. Получилось так, плоховато живется. Но мы все работаем, чтобы лучше жить, страна наша процветала и свое доброе место в этом бушующем мире занимала. Самое главное наша дружба, наше доверие друг другу, наше уважение друг к другу, наша поддержка друг другу. Жүрегіміздегі от еш уақытта сөнбесін! Махаббат төңірегімізді аралап жүретін болсын! Одан артық нәрсе жоқ. Махаббат деген – Отан деген сөз. Махаббат деген – үй деген сөз. Махаббат деген – ғашығың деген сөз. Сол махаббат сөнбесін! Оны өздерің жүректеріңнен шығармаңдар! Аман-сау болайық! Бірге болайық! Бір болайық! Алға қарай жылжи берейік! Құтты болсын!

Бұл – әлемнің екі жүзге жуық елінің жас мемлекетке білдірген айрықша сенімі. Келесі жылы Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, сондай-ақ басқа да көптеген маңызды іс-шара өтеді. Бұл жеңістердің барлығы – әрқайсымыздың күш-жігеріміз бен қажырлы еңбегіміздің нәтижесі. Әрбір азаматымыз Қазақстанның жетістіктеріне қатысы бар екенін сезінгені маңызды.

Айта кетейік, жаңа жылдық балды өткізуден түскен қаражат қайырымдылық мақсатқа бағытталады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде