USD 326.17

EUR 402.05

РУБ 5.34

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Бауыржан Байбекті қабылдады. Елбасы шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы өзінің жеке бақылауында екенін айтты. Мемлекет басшысы оңтүстік астананы газбен қамтамасыз ету және экологияны жақсарту мәселелеріне көңіл бөлді. Дәлірек айтқанда, ауаға көмірқышқыл газының таралуын азайту үшін қоғамдық көліктерді, электростанцияларды, жер үйлерді газға көшіріп, электромобильдерді енгізу қажеттігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Алматы очень важный фактор для экономики Казахстана. Поэтому каждый год я лично уделяю внимание. В прошлом году вы мне докладывали. И с Западного Казахстана специально протянули газопровод. Бозой-Шымкент. Все время мы брали у Узбекистана, у кого-то еще брали путем обмена. А сейчас мы можем сами обеспечить город газом. Для того, чтобы улучшить экологию, постепенно думаем перевести ТЭЦы. Использовать городской транспорт на газе надо, как в Лондоне, Токио. Токио был весь в смоге. А сейчас идешь по городу, как будто в степи идешь. Абсолютно чистый воздух. Они эстакады построили. Электромашины. В Сингапуре очень большие требования к чистоте бензина. Октановое число, какое должно быть. Вот такой город. Думаю, жители поддержат. Вот в этом направлении нам дальше нужно работать. В направлении газификации электростанции, газификации частного жилья, и автобусы на газе, автомобили на газе. Будем принимать такие меры, что в Астане, в Алмате можно ездить только на электромобилях. Народ это поддержат.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Халық ризашылығын білдіріп жатыр. Біріншіден, ТЭЦ-2 бұрыннан келе жатқан мәселе. Біз қазір «Самұрық-Қазынамен» жұмыс істеп жатырмыз. Газға көшірсек, онда зиянды заттардың таралауын 9 пайызға төмендетеді. Бұл қаланың экологиясын жақсартады.

Шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту мәселесі де әңгіме өзегіне айналды. Ол үшін Алматы әкімдігі өндірістік кәсіпорындарды қала сыртына көшіруді қолға алды. Бұл бір. Екіншіден, 2017 жылы оңтүстік астанада жаңа автотұрақтар ашылып, 60 шақырым веложолақ пайда болды. «Ал бірнеше жылдан кейін қосымша 2 метро станциясы іске қосылады», деп баяндады Бауыржан Байбек.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Бүкіл көрсеткіш бойынша оң өсім бар. Мемлекеттік бюджетті 99,5 пайызға игердік. 1,5 млрд теңге үнемдей алдық. Сіздің қолдауыңыздың арқасында 45 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Біз автобус паркін 30 пайызға жаңарттық. Яғни 500 жаңа қоғамдық көлік сатып алынды. Ал былтыр Қазақстанда шағын және орта бизнес шығарған өнімнің 20 пайызы Алматыда өндірілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Во-первых, большой город притягивает малый, средний бизнес. Возможности создает. Во-вторых, такие города могут без сырьевых ресурсов создавать блага и поднимать страну. Предприятия нужно создавать. Создавать рабочие места. С одной стороны. С другой стороны это расширяет город. Тоже надо смотреть, насколько мы будем Алмату расширять.

Баспана мәселесі туралы да сөз болды. Өткен жылы Алматыда 6 мыңға жуық жалдамалы пәтер, оның ішінде Атлеттер қалашығынан 1 800-ге тарта баспана берілді. «Осылайша кезекте тұрған әрбір үшінші отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді», деп мәлімдеді қала әкімі.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Универсиаданы өткізіп, бүгінде бүкіл тиісті есептерді тапсырдық. Мемлекеттік компанияны жойып, есесіне бюджетке тағы 1 млрд теңге қайтардық.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сколько жилья людям дали?

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- 1 748 квартир в Атлетической деревне.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- В которой мы построили? По какой схеме получили люди?

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- На возвратной основе. В среднем идет 200-300 тенге за квадратный метр аренды. Человек платит аренду.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сейчас мы в аренду отдаем.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Мы бесплатно никому не отдаем.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Нельзя бесплатно. Бесплатно ничего не бывает в рыночной экономике. Какая категория людей получила эти квартиры?

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Многодетные, матери-одиночки, дети-инвалиды, социально-уязвимые слои населения. Олар кезекке тұрады. Но они должны подтвердить свою платёжеспособность. Или должен быть человек, который гарантирует его взаймы.

Бауыржан Байбек Президентке Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы басталғанын және бұл жобаны жүзеге асыру үшін 1,5 млрд доллар инвестиция тартылғанын да баяндады. Тың жоба көшелерде қатынайтын автокөліктердің санын 40-60 мыңға азайтуға сеп болады. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының одан әрі дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде