352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада полицейлер пәтерді заңсыз жалға бергендерді анықтау шарасын бастады

  • 669

Астанада Мемлекеттік кірістер департаменті елордалық полицейлермен бірлесіп «Пәтер» іс-шарасын бастады. Қаңтар айының аяғына дейін созылатын жедел жұмыстың мақсаты – заңсыз жалға берілетін пәтерлерді анықтап, сол учаскедегі құқық бұзушылықтың алдын алу. Бүгінге дейін полиция инспекторлары жалға берілетін 400-ден астам пәтерді анықтады. Аталған деректер Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды. Тұрғын жайдағы заңсыздық салдарынан 296 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ осы мәселе бойынша бұған дейін де бірнеше рет құқық бұзған 13 адам есепке қойылды. Баспанасын жалға беретін азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, пәтерді жалға алушыларға ескерту жасалды.

Хабар 24 телеарнасы