USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті

  • 375
Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті. Қарсы алу рәсімі аяқталған соң Нұрсұлтан Назарбаев Ақүйдің Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Қазақстан мен АҚШ Президенттері келіссөз жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастың және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Дональд Трамп ресми сапармен келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен АҚШ арасында қалыптасқан қатынастарға жоғары баға берді.   

– Сіздің осында келгеніңізге қуаныштымын. Сізге барлығы зор құрметпен қарайды. Екі ел арасындағы қарым-қатынас керемет жолға қойылған. Қазір Қазақстанның жағдайы өте жақсы. Біз үшін Сізді қабылдау зор мәртебе. Сіздің еліңіз үшін жасаған ісіңіз, шынында да, тамаша, – деді АҚШ Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен келуге шақырғаны үшін Д.Трампқа алғыс айтып, оны АҚШ Президенті лауазымына сайлануының бір жылдығымен құттықтады.  

– Сізді президенттік қызметіңіздің бір жылдығымен және экономикадағы зор жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына АҚШ-тың саяси қолдау көрсеткенін біздің ел жоғары бағалайды. Осы 26 жыл бойы Қазақстан АҚШ-пен достық қарым-қатынасты берік ұстанып келеді. Бүгінгі сапар сол серіктестіктің дәлелі болып саналады, – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге сенім білдірді.

Ақпарат көзі: akorda.kz  

Хабар 24 әлеуметтік желілерде