361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың энергетика министрі Рик Перримен кездесті

  • 305

Мемлекет басшысы кездесуде АҚШ Президенті Дональд Трамппен жүргізілген келіссөздер барысында қол жеткізілген нәтижелерге тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ-тың мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығына оң баға беріп, Теңіз және Қашаған кен орындарындағы жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде айтты. Мемлекет басшысы Қазақстандағы өнімді қайта өңдеу ісінде инвесторлардың күш-қуаттарын арттыруы қажеттігіне назар аударды.

Қазақстан Президенті еліміздегі жасыл энергетиканы дамытуға арналған жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде әңгімелеп, Р.Перриді Төмен байытылған уран банкінің ашылуы туралы хабардар етті.

АҚШ-тың энергетика министрі кездесуге ризашылығын білдіріп, инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетін негізгі факторларды атады. 

Кездесу соңында тараптар мұнай-газ және энергетика салаларындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға қатысты пікірлерімен бөлісті.

Хабар 24 телеарнасы