Мемлекет басшысы АҚШ-тың іскер топтарымен кездесу өткізді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Мемлекет басшысы АҚШ-тың іскер топтарымен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы АҚШ-тың іскер топтарымен кездесу өткізді Фото: akorda.kz

Елбасының АҚШ-қа ресми сапары іскер топ өкілдерімен кездесуге ұласты. Жиын барысында үкіметаралық 3 келісім орнады. Құжатта Қазақстан арқылы коммерциялық теміржол транзитімен қамтамасыз ету, халықаралық салық кодексін оңтайландыру мәселелері қарастырылған. Нұрсұлтан Назарбаев  елімізде 11 арнайы экономикалық және 22 индустриалды аймақ жұмыс істеп жатқанын сөз етті. Онда қажетті инфрақұрылым мен жеңілдіктер көзделген.

Бұл ретте Елбасы іскер азаматтарды елге инвестиция құруға шақырды. Цифрландыру мен агроөнеркәсіп жобаларына атсалысуға үндеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- На постоянной основе проводится рабоа по улучшению инвестиционного климата, защите прав инвесторов. Казахстан стан ассоциированным членом ОЭСР. Присоединился к декларации о международных иинвестициях. Для граждан 62 стран, в том числе США у нас введен безвизовый режим. Легализуется законодательство в сфере предпринимательства. Функционируют 11 специальных экономических зон, 22 индустриальных зоны. Предусмотрено наличие необходимой инфраструктуры и преференции. В текущем году в нашей столице также откроется новый международный технопарк Ай-Ти стартапов. Все это могло бы стать перспективным полем для нашего сотрудничества. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Астана Халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына 50 жылға дейін салық, валюталық, визалық және еңбек режимдері бойынша жеңілдік енгізілетінін жеткізді. Қазақстан бүгінде 60-тан астам елге визасыз режим енгізген. «АҚШ сол тізімде бар», - дейді Президент.

Нұрсұлтан НазарбаевҚазақстан Республикасының Президенті:

- Участникам МФЦА предоставлены налоговые льготы до 50 лет. Упрощены валютные, визовые и трудовые режимы. Единственный центр в регионе, создание которого основано на английском праве. В создание высокотехнологичной биржи МФЦА привлечены Шанхайская фондовая биржа, американская NASDAQ. МФЦА имеет все возможности стать региональным центром развития зеленых, исламских, инновационных, финансовых инструментов. Летом мы планируем провести официальную презентацию Международного финансового центра для международного сообщества.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде