USD 340.98

EUR 394.60

РУБ 5.34

Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд доллардан асатын 20 келісім бекіді

Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд доллардан асатын 20 келісім бекіді Фото: akorda.kz

Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд долларды құрайтын 20 келісім бекіді. Еліміз Америкадан Boeing ұшақтарын алады, сонымен қатар Қазақстанда 900 электровоз құрастырылады. Бұдан бөлек авиация, фармацевтика, агросектор секілді салаларда да бірлесе жұмыс атқарамыз. Сапар аясында 3 үкіметаралық келісім орнады. Құжатта Қазақстан арқылы коммерциялық теміржол транзитімен қамтамасыз ету, халықаралық Салық кодексін оңтайландыру мәселелері қарастырылған.

Биылдыққа Елбасының жолы түскен алғашқы ел АҚШ болды. Ақ үй қожайыны да жыл басындағы бірінші мейманын қабылдағалы отыр. Бірақ сапардың өзегі бұл емес. Трамптың әр қадамынан жаңалық күтетін журналистер мен сарапшылар бұл кездесуге көз тігіп, құлақ түруде. Өйткені Ақ үй екінің бірін төріне шығара бермейді әрі Орталық Азия елдері ішінде Дональд Трамп өз резиденциясына ресми сапармен шақырған алғашқы президент қазақ көшбасшысы болды.

Бұл күндері Вашингтонда ауа температурасы күрт төмендеп кеткен. Синоптиктер 1905 жылдан бері мұндай қыс болған емес деп жатыр. Алайда сыртқы ауа райына қарамастан, Ақ үйде ыстық ықыластың лебі есіп тұр. Қазақ басшысы бүгін мұнда қадірлі қонақ.

Көпке ұқсамайтын саяси стилі қалыптасқан Трамп мұндай құрметті көрінгенге көрсете бермейді. Содан болар бұл кездесуге назар ерекше. Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас кеше орнаған жоқ. Еліміздің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындаған Америкаға Президент 1992 жылы барып, алпауытқа серіктестік ұсынған еді. Осы ширек ғасырда арада дорба емес, жорға жүретін деңгейге жетті. Бұл жолғы сапар да серіктестікті жаңа деңгейге көтерері сөзсіз. Кездесудің ресми бөлімі басталмас бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үйдегі «Құрметті қонақтар» кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

– Спасибо господин Президент за приглашение, пользуясь случаем хочу поздравить вас с годовщиной вашего президентства и успехами в экономике. То, что я здесь нахожусь и первым  представляю наш регион - большая честь. Для Казахстана всегда была важна политическая поддержка нашей независимости и целостности территории все 26 лет. Казахстан является другом Америки. Сегодняшний визит является доказательством этого. Двусторонние экономические отношения поднимаются на новый уровень. Я благодарен вам, желаю дальнейших успехов.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

Құрметті Президент мырза, Америкаға қош келдіңіз! Мен сізді қатты құрметтеймін. Біздің елдер арасында ынтымақтастықтың артып келетіні қуантады. Сауда-саттық қарқынды дамып жатыр. Қазақстан қазір өте жақсы жетістіктерге жетті. Шын мәнісінде ел күн санап өркендеп келеді. Қазақ елін барлық мемлекеттер құрметтейді, сондықтан сізді осында қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе.

Алпауыт елмен саяси диалогтың орнағанына биыл 26 жыл. Аймақтық жаһандық қауіпсіздік мәселесінде ұстанымдарымыз ұқсас. Алайда әріптестікті стратегиялық серіктестік деңгейіне шығару мақсаты тұр. Елбасы сапарының көздегені де осы. Өйткені арадағы сауда-саттық қос елдің әлеуетіне сәйкес келмейді. Сөзімізге дәлел мына сандар: өткен жылдың 10 айында алыс-беріс көлемі 1 млрд 300 млн доллардан сәл-ақ асты. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 жарым пайызға төмен. Әрине, бұған себеп көп. Алайда байланыс орнататын салалар да аз емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

– Я уверен, что результатом моего визита станет решение поднять казахстанско-американские отношения на уровень расширенного стратегического партнерства между нашими странами для выгоды обоих народов и стран. Поэтому мы сегодня принимаем соответствующее совместное заявление, политическое заявление, которое даст старт новой эре взаимоотношений Астаны и Вашингтона. Действительно, США первыми признали нашу независимость и с тех пор поддерживают политически Казахстан, это стало опорой для того, чтобы страна укрепилась, стала уважаемым государством в мире. 

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

Ширек ғасырға жуық уақыттан бері АҚШ тарапы Қазақстанды Орталық Азиядағы тәуелсіз, егемен, әлеуетті стратегиялық әріптес ретінде есептейді. 1991 жылы Рождество мерекесінің алдында Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындауымызды мақтанышпен айтамыз.

Орталық Азия елдері арасында қазақ елін АҚШ сенімді серіктес санайды әрі көшбасшы мемлекет ретінде бізбен санасады. Саяси саxнада Қазақстанның ұсыныстарын қолдайды. Әсіресе жойқын қарудан бас тартқан мемлекет ретінде халықаралық қауымдастықтың бейбітсүйгіш мүшесі деп біледі. Сондықтан Елбасының бұл сапары тек бізге ғана емес, тұтастай Орталық Азия өңірі үшін маңызды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Я представляю Казахстан – одну из бывших советских республик и не на первом месте находящихся. И в то же время представляю ЦА в составе пяти стран. Сейчас к ЦА большой интерес больших государств. Наши соседи с одной стороны Россия, с другой - Китай, на юге - исламский мир, - и здесь очень важно присутствие США в нашем формате 5+1, и я прошу президента продолжить это сотрудничество.

Елбасы айтып отырған бұл жоба Орталық Азия елдерін дамытуға бағытталған. Еліміз де қолдан келген көмегін аяп қалған жоқ. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде Ауғанстандағы аxуалға ерекше мән беріп отыр. Ондағы түйткілдің шешімі елді дамыту деп түсінеді. Сондықтан елді алға сүйрейтін білікті мамандар даярлау ісінде қол ұшын беріп келеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Казахстан активно поддержал борьбу США против терроризма в 2001 году и сейчас поддерживает большую работу, которая проводится в Афганистане. Присутствие американских войск в Афганистане - это дело не только США, но и всего мира – противостоять новому очагу терроризма, и это задача всех нас, соседей Афганистана. Казахстан за эти годы оказал гуманитарную и техническую помощь на 75 млн долларов, плюс обучает тысячи молодых афганцев профессиям, которых у них не было, направив на это 50 млн долларов. 

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

– Біз ауған студенттеріне тегін білім беріп жатқан Қазақстанның ұстанымын жоғары бағалаймыз. Ауғанстандағы қауіпсіздікті нығайту үшін қосымша қолдау көрсетуге дайын Қазақ көшбасшысына алғысым шесіз. АҚШ көрші мемлекеттерге құрметпен қарайтын өркениетті елдерімен серіктестік орнатуға ниетті.

Бүлінген елде дау бөлек, ал бейбіт елде сән бөлек. Мұны талай араздасқан тараптарды татуластырған қазақ көшбасшысы жақсы біледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Вы знаете, что РК в свое время отказался от 4-го в мире ядерного арсенала и закрыл крупнейший в мире полигон для ядерных испытаний в Семипалатинске – у нас есть моральное право предлагать ядерным странам поступить, как мы. Так мы делали с Ираном, так я сейчас разговариваю с Северной Кореей. Проблему Северной Кореи можно решать только совместно – США, Китай и Россия. В связи с этим нас, соседей, естественно беспокоит политические отношения, которые ушли на ноль между США и Россией.

Қазақстанға алғашқылардың бірі болып инвестиция құйған АҚШ болатын. Егемендіктің елең-алаңында бізге сенім білдірген алғашқы мемлекет. 2005 жылдан бері шамамен 30 млрд доллар инвестиция құйыпты. «Менмін» деген алпауыт компаниялар елімізге келіп, мұнай өндірісі ілгері басты. Бүгінде Қазақстанда американдық капиталдың қатысуымен 500-ден астам компания жұмыс істейді. Таяу арада бұл тізім арта түспек. Елбасы халыққа жолдауында айтқан өнеркәсіптік революцияға АҚШ кәсіпкерлері атсалысады. Сапар нәтижесінде жалпы құны 7 млрд доллардан асатын 20 келісім бекіді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

– В двусторонних отношениях, конечно, экономические контакты играют ключевую роль. В Казахстане давно присутствуют крупнейшие американские компании, которые вложили 50 млрд долларов в нашу экономику, создали около 5 тыс рабочих мест и в США, и у нас. Мы ведем технологическую модернизацию. Сегодняшний круглый стол с крупным бизнесом США, где мы обсудим и будет заключено более 20 контрактов. Речь идет о новых инициативах приобретения самолетов боинг, о строительстве 900 электровозов в РК  и присутствие в аграрном секторе. Казахстан объявил безвизовый режим для американских граждан, которые бывают у нас. Мы надеемся на ответную реакцию. Впервые открывается авиационное сообщение между нашими странами.

Әлемге сөзін өткізіп отырған Ақ үй қожайыны қазақ көшбасшысына алғысын жаудырды. Елімізбен әріптестік одан сайын арта түсетініне ниет білдірді. Орайы келгенде Елбасы да Дональд Трамптың іске асырған реформасын сөз етіп, қуанышына ортақтасты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Г-н президент, в заключении я не могу не поздравить вас с огромными успехами вашей страны в области экономики – мы все это видим. Вы провели поразительную реформу налоговую. Я это поддерживаю, потому что я это сделал лет пять назад. У нас корпоративный налог 20%, подоходный – 10% для всех.

Поздравляю вас с первой годовщиной вашего президентства. Поздравляю вас с рождением 9 внука. Хочу вам сказать, что в прошлом году у меня родился 10-ый.

Қос ел басшысы бірлескен мәлімдеме жасағаннан кейін кеңейтілген құрамда кездесу өткізді. Алайда бұл жүздесу журналистерсіз оңаша өтті. Ақ үйдің ішкі тәртібі сондай. Ал Елбасының АҚШ-қа сапары тағы екі күнге жалғасады. Әрине, сапарды қорытындылауға әлі ерте. Бірақ бұл кездесулер Қазақстан мен АҚШ байланысын стратегиялық серіктестік деңгейіне шығарары сөзсіз. Сондықтан елдің сыртқы саясаты туралы жылнамаға осылай деп қазірден жаза беруге болады.

Авторлары: Назерке Әбдіраxманқызы, Еділ Ермекбаев, Хасен Омарқұлов, Айдос Ентебеков 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде