352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Назарбаев «Nasdaq» компаниясының президенті Адина Фридманмен кездесті

  • 297

Кездесу барысында Мемлекет басшысы компанияның Қазақстанда жұмыс жүргізу жөніндегі шешімін құптайтынын айтты. – Сіздердің Қазақстанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығында жұмыс істеу жөніндегі шешімдеріңізді қолдаймыз. Біз Конституцияға және еліміздің бірқатар заңына өзгерістер енгіздік. Онда ағылшын құқығы енгізілген және қатысушылардың барлығына жеңілдіктер қарастырылған. Жұмыс істейтіндер үшін барлық қолайлы жағдайды жасаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев «Nasdaq» компаниясының бұл шешімі оның серіктестері мен басқа да шетелдік компанияларды «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты дамытуға жетелейтінін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Искренне приветствую Вас. Ваше решение работать в Казахстане в финансовом центре «Астана» мы приветствуем. Вы конечно знаете, что мы создаем благоприятные условия для тех, кто там будет работать. То, что ваша компания решила работать у нас. Это, я думаю, хороший стимул для всех других компаний. Надеемся, что те, кто с вами работает в Америке, в Европе заинтересованы казахстанским финансовым центром.

Адина Фридман, «Nasdaq» компаниясының президенті: 

– «Астана» халықаралық қаржы орталығын құруға бағытталған жұмыстарыңыз таңдай қақтырарлық. Барлық мәселе ескеріліп, орталықтың ашылуына дайындық тиянақты. Ағылшын құқығы мен тіліне қатысты жайттарды да ескердіңіздер. Біз мұндай ұстанымдарды қолдаймыз. Сондықтан орталық жұмысын асыға күтіп жүрміз. Өз тарапымыздан әлемдегі ең үздік теxнологияларды ұсынуға дайынбыз. Сіздердің негізгі компанияларыңыз мол табысқа кенелуі үшін IPO-ға активтер мен акцияларды қою бойынша тәжірибе бөлісуге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы