Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен кездесті - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен кездесті Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында А.Дуданы Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтады. 

«Бүгінгі кездесу қарым-қатынастарымызды талқылау үшін бізге зор мүмкіндік береді. Польшаның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2018-2019 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтаймын», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысындағы ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті.

«Біздің ой-пікіріміз бен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыс бағытымыздың ұқсас болғанына қуаныштымын. Менің Варшаваға сапарым және Сіздің өткен жылғы Астанаға сапарыңыз әлі есімде. Мұндай кездесулер бізді әрі елдерімізді жақындата түседі», – деді Қазақстан Президенті.

А.Дуда кездескеніне және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігінің болғанына ризашылық білдірді.

Ақпарат көзі: akorda.kz

Хабар 24 әлеуметтік желілерде