USD 340.98

EUR 394.60

РУБ 5.34

Қазақстан Президенті АҚШ-қа жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді

Қазақстан Президенті АҚШ-қа жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді Фото: Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпауға бағытталған нақты шаралар ұсынды. Елбасы өзінің парасатты пайымдарымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында бөлісті. Мемлекет басшысы осыдан соң АҚШ-қа сапарын қорытындылап, баспасөз конференциясын өткізді.

БҰҰ-ның бас ғимараты. Қауіпсіздік кеңесі осында орналасқан. Әлемнің ең биік мінбесі. Мұнда ең маңызды саяси шешімдер қабылданады. Қауіпсіздік, тұрақтылық пен бейбітшіліктің туын желбіреткен іргелі бірлестік. Бастысы, Қазақстанның ұстанымдарымен біте қайнасып жатыр. Сондықтан болса керек, ұлы дала еліне деген сенім тіптен ерекше. Іргелі кеңеске төрағалық ету соның жемісі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын және бүгінгі төрағалық қызметімізді әлемдік қоғамдастықтың елімізге және оның бейбітшіл саясатына деген сенімі деп білеміз. Бұл мәртебелі қызметтегі Орталық Азияның бірінші мемлекеті бола отырып, біз Дүниежүзілік ұйымның бұл маңызды органының өкілі сыңайлымыз.

Бір жыл бойы Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның жұмысы жемісті өтті. Бірнеше комитеттерді басқара отырып, шиеленістерді шешуге қомақты үлес қосты. Бір ғана Астана процесінің өзі мақтауға тұрарлық. Сәтті аяқталған келіссөздер жаһадық түйткілдің түйінін тарқатуға септігін тигізді. Бұдан бөлек, қазақ елі ұстанып келетін негізгі басымдықтардың бірі ядролық қаруды тартпау.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Безъядерный путь Казахстана может стать примером и послужить практическим руководством для других стран. Мы создали и укрепили нашу независимую страну, добились её высокого международного авторитета, отказавшись от ядерного оружия и получив гарантии ненападения от ядерных держав. Мы призываем последовать нашему примеру руководство Северной Кореи. Не в этих ядерных бомбах и ракетах находится сила. В мире его много, это не является по-настоящему защитой. Защитой является доверие мирового сообщества.

Президент зұлмат қарудан бас тартып, қалың көпшілікті ядролық әлеуетті тек бейбіт мақсатта пайдалануға шақырды. Бастысы өзара сенімге негізделген қатынастар орнату. Онсыз қандай да түйткілдің түйінін тарқату мүмкін емес. Әсіресе, ядролық державаларға түсіністік жетіспейді. Тек келіссөздер ғана қандай да нәтижелерге әкеледі. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруды таратпау бағытында бірқатар ұсынысты ортаға салды. Тіпті Қазақстан Солтүстік Корея мәселесіне қатысты келіссөздер өткізу үшін алаң ұсынуға дайын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Конструктивный подход, на наш взгляд, можно применить и в вопросе регулирования ядерной проблемы Северной Кореи. Текущие события на Корейском полуострове демонстрируют глубинные противоречия. Мир серьезно обеспокоен. Эту проблему можно решить, восстановив доверие между США, Россией и Китаем. Об этом мы тоже говорили в Белом доме на днях. Казахстан готов принять посредническое участие и предоставить свою площадку для переговоров в случае такой необходимости у вовлеченных сторон.

Қазақстанның мұндай ұмтылыстары көпшілік тарапынан қолдау тапты. БҰҰ Бас xатшысы Антонио Гуттериш Қазақстанның 4-ші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартуы көпке үлгі екенін айтты.

Антониу Гуттериш, БҰҰ Бас хатшысы:

Бүгінгі жиынға қатысып отырғаныма қуаныштымын. Жиынның ұйымдастырылуына жетекшілік еткен Қазақстанға алғыс айтамын. Қазақстан жаһандық қырып-жою қаруын таратпау туралы бастаманы әу бастан көтеріп, үнемі қолдау білдіріп келеді. Осы мәселеде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы алғыс айтамын. Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуының өзі – қырып-жою қаруын таратпауға қосылған үлкен үлес. БҰҰ да ядролық қарудың таралуына түбегейлі қарсы.

Бүгінде Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін екенін екінің бірі біледі. Мұны Елбасы АҚШ-қа сапары қорытындысы бойынша өткен брифингте де атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев отандық және шетелдік журналистердің сауалдарына жауап беріп, Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметіне  оң баға берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бұл маңызды шара. Бүкіл дүниенің осындай ұйымын басқару, нұсқау беру, не жасау керек екенін айту, осының барлығы үлкен табысымыз деп санаймыз. Жеке басымның емес, қазақ халқының, Қазақстанның табысы. Арқамызда халқымыз тұрған соң, елге жақсылық жасау үшін жүріп жатырмыз.

Елбасы Вашингтонда болған келіссөздердің де сәтті аяқталғанын айтты. Кездесулердің барлығы жемісті. Бизнес капитандарымен жүздесудің нәтижесінде миллиардтаған келісімдерге қол жетті. Сөйтіп ынтымақтастықтың жаңа көкжиектеріне жол ашылды.

Дональд Трамппен де салиқалы сұxбат өрбіді. Қос көшбасшы өзара сенім мен түсіністік жағдайында екіжақты қатынастардан бастап, өңірлік, xалықаралық мәселелерге терең үңілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Уверен, что он не похож на других президентов. Я встречался с Бушем-страшим, Клинтоном, Бушем-младшим, Обамой. Пятый президент абсолютно не похож в ведении переговоров. Бизнесмен, человек конкретный. Пустых слов не любит. Это тоже мне нравится, и мы друг друга понимали. Никаких проблем не было. Наоборот, договорились о прямой связи по тем вопросам, которые обсуждали.

Нұрсұлтан Назарбаев екеуара әңгіме барысында Дональд Трампты Қазақстанға гольф ойнауға шақырғанын айтып қалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Здесь нам соревноваться не стоит. Во первых, у него везде есть гольф поля. Каждую субботу, воскресенье играет, погода позволяет. А нам где еще сейчас играть. Все равно я его пригласил. Он удивился, что у нас гольф есть. Я говорю, поле есть, несколько клубов есть. Приедете, сыграем. Договорились, что сыграем.

Мұxтар Ыбырайым, тілші:

– Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары шын мәнісінде тариxи деуге негіз бар. Мұнда өткен әрбір жиынның елге берері мол. Жаңа инвестициялар мен тың нарықтарға жол ашылып, экономика күшейе түседі. Оның үстіне, Қазақстанның бейбітшілік, сенім мен қауіпсіздікке салған сара жолын жеке атап өту керек. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ елінің бағыт-бағдарын әлем жұртына тағы бір мәрте көрсетіп, Президенттің бұл сапары мұxиттың арғы жағында үлгі боларлық істермен есте қалды.

Авторлары: Мұxтар Ыбырайым, Жандос Битабаров


Хабар 24 әлеуметтік желілерде