352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шаңғышы Алексей Полторанин әлем кубогы кезеңінде топ жарды

  • 468
Шаңғышы Алексей Полторанин әлем кубогы кезеңінде топ жарды top-news.kz

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин әлем кубогының кезеңінде топ жарды. Жарыстың өзі Словенияның Планица қаласында өткен болатын. Қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан отандасымыз алтын алқа тақты. Классикалық әдіспен 15 шақырымдық қашықтыққа жарысқан спортшы мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орынды норвегиялық шаңғышы еншілесе, швециялық Калле Хальварссон үздік үштікті түйіндеді.

Естеріңізде болса, жерлесіміз қаңтар айында Италияда өткен «Тур де Ски» турнирінің дәл осы қашықтыққа жүгіру жарысында бірінші болған еді.

Хабар 24 телеарнасы