USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапарының аясында өткізген кездесулерді қорытындылап, мұхиттың арғы жағында қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді. Ақордада өткен жиынға Президент Әкімшілігінің басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы мен Мемлекет басшысының көмекшілері қатысты. Елбасы шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Все видели визит, и как он прошел. Прошел успешно. Самое главное, есть конкретные договоренности по конкретным вопросам. Мы должны следом выполнить все договоренности. Иначе потеряем темп и значение того, о чем говорили. Экономическая часть очень важная. Встреча за круглым столом с капитанами бизнеса и их обещания имеют большое значение. Сондықтан ел үшін, халқымыз үшін өте табысты нәрселер бар. Келіскен сөздер бар. Американың үлкен компанияларының Қазақстанға келеміз деген уәдесі бар, жасап жатқан жұмыстары бар. Саяси жағынан Қазақстанға үлкен қолдау бар. Қазақстан өңірдегі өзінің орны, атқарып жатқан рөлі, болашақта бірге істейтін шаруалар халықаралық жағдайда, дүниежүзі жағдайында, бәрін пысықтап, әдейі тапсырмалар беруіміз керек.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде