USD 318.80

EUR 398.64

РУБ 5.67

Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

  • 179
  • Media
Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті akorda.kz

Жиында Елбасының АҚШ-қа жасаған сапарының қорытындылары талқыланып, мұхиттың ар жағында қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру шаралары қаралды. Нұрсұлтан Назарбаев ірі америкалық компаниялар мен қаржы институттары арасында жасалған уағдаластықтарды орындау сұрағына да баса назар аударды. Президент еліміздің экономикалық дамуы мен өңірлік қауіпсіздіктің нығаюы аясында жоғары деңгейдегі қазақ-америка диалогының маңыздылығын да қадап өтті. Ал Кеңестің қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгін біз Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында нақты мәселені қараймыз. Біріншіден, Вашингтонда, Нью-Йоркте болған кезедсулер жайында Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне баяндап, болған шаруаларды, шешілген мәселелерді жинақтап, келіссөздер жүргізгеннен кейін, соның нәтижесінде біздің жағымыздан не істеуіміз керек. Жоғарғы басшылардың арасында, басқа Америка басшыларының арасында бірталай кездесулер болды. Ішкі саясат, сыртқы саясат, өңірлік, дүниежүзілік қауіпсіздік мәселелері, экономикалық жағынан өте көп нақты келіссөздерге қол жеткіздік. Соның барлығын бүгін сіздерге баяндап, біз не істеуіміз керек өзіміздің жағымыздан, соны қарайтын боламыз. Содан кейін өзіміздің ішкі мәселелерімізді қараймыз.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде