352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады

  • 409

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдадыКездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев митрополит Александрдың Қазақстандағы қызметіне жоғары баға беріп, дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселесіне тоқталды. Мемлекет басшысы діни қызмет туралы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде бастама жасалғанын және оған митрополиттің белсенді түрде атсалысқанын атап өтті.

Сонымен бірге Президент Астана және Қазақстан митрополитін өткен Рождество мерекесімен құттықтады. Ал митрополит Александр Нұрсұлтан Назарбаевқа қабылдағаны үшін алғысын айтып, Елбасының «Рухани жаңғыруға» қатысты мақаласының рухани-адамгершілік тәрбие беру ісіндегі маңыздылығы туралы әңгіме өрбітті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мы очень ценим Вашу деятельность в Казахстане. С русской православной церковью в Казахстане сложились очень добрые отношения между нами. И Вы проводите большую работу по разъяснению. Проводите политику мира, согласия межконфессионального. Участвуете в наших политических делах. Я знаю о Ваших высказываниях, о Вашем мнении. Высоко ценим такую службу. Поэтому я наградил орденом. Политику в области религии в Казахстане Вы хорошо знаете. Наша страна – светское государство. Конституцией и законами определено равенство всех религиозных конфессий и свобода вероисповедания. Мы это соблюдаем. И Вы это хорошо знаете. В Казахстане две основные религиозные конфессии – это ислам и православие. Недавно Вы отметили большой праздник – Рождество Христово, поздравляю с прошедшими праздниками. Мы инициировали изменения в законы о религиях. Вы принимали участие, вносили свои предложения, которые внимательно рассматриваются. Это наше общее дело – спокойствие и мир в нашем общем доме, Республике Казахстан. Вы в этом направлении проводите большую работу, я Вам благодарен.

Александр, Астана және Қазақстан митрополиті:

– Сіздің рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу жөніндегі стратегияңыз – Қазақстанды одан әрі дамытудың негізін қалайтын құнды құжат. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты маңызы зор мақала қоғамның одан әрі өсіп-өркендеуіне жол ашады. Мұнда Сіз этносаралық келісім, конфессияаралық бейбітшілік секілді мән-мағынасы зор мәселелерге тоқталдыңыз. Осы үшін Сізге зор ризашылық білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы