USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады akorda.kz

Сала басшысы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысы мен бұған дейін берілген тапсырмаларды орындау бағытында атқарылған істерді баяндады. Елбасы цифрландыру саласындағы мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асыру мәселелерін саралауға отандық бизнес атсалысуы қажет екенін айтты. «Бұл Қазақстанда жинақталған тәжірибе мен құзыреттілікті сақтау үшін керек», деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- С цифровизацией этого направления экономики всего мира, все сейчас говорят об этом, все сейчас занимаются. Во-первых, мы это делаем, чтобы не отстать. Программа реализации Казахстана утверждена. Государство на это выделяет немало денег. Мы должны на это тратить, мы должны делать. Потому что это будущее всей экономики страны во всех аспектах.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Цифрландыру бағдарламасы – сіз уақытылы көтерген бастама. 15 мемлекет осындай бағдарламаны бекітті. Яғни бұл сұрақтардың барлығын қарастырып жатқан жоқ. Алайда Қазақстанда Сіздің тікелей тапсырмаңызбен мұндай бағдарлама жасалды және жүзеге асырылып жатыр. Егер әр бағытты жеке-жеке қарастырсақ, мәселен, инновациялы экожүйе құру. Осыған байланысты инновацияға сұраныс тудыру, таланттарды тарту, инфрақұрылым түзу, венчурлық қаржыландыру сияқты жұмыстар атқарылып, Сіз Жолдау аясында тапсырған заң жобасы әзірленуде.

Елбасы цифрландырудың арқасында ел экономикасы 30 пайызға өсуі керектігін айтты. Бұл ақшаға шаққанда 2 триллион теңгеден асады. Ал Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысына «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының алдағы нәтижелері жөнінде мәлімдеді. Кездесу соңында Елбасы «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» атты халықаралық форумды өткізуге дайындық жөніндегі есепті тыңдап, бірқатар нақты тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- 2025 жылы Қазақстанның экономикасы осы 30 процентке көбейе береді. Жаңадан келген пайда Үкіметке 2 триллионнан артық болуы керек. Соның барлығы осы есепте орындала ма, барлығы есептелген бе? Как это мы будем выполнять?

Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Цифрландырудың қаншалықты тиімді екенін анықтау үшін сараптама жасадық. Мәселен, бізде өнеркәсіпті, мұнай, уран салалары  қарастырылды. Бұл салаларға цифрландыру қалай ықпал етеді? Өнімнің өзіндік құны төмендеп, өндіріс көлемі ұлғаяды. Осы тұрғыда біз өзге мемлекеттердің тәжірибесі негізінде өзіміздің көрсеткіштерді ескеріп, сәйкесінше тиісті сандарға қол жеткіздік.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде