USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

Н.Нығматулин: Ауылдық және қалалық үкіметтік емес ұйымдарға өз ерекшеліктеріне қарай жағдай жасау қажет

  • 241
Н.Нығматулин: Ауылдық және қалалық үкіметтік емес ұйымдарға өз ерекшеліктеріне қарай жағдай жасау қажет Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтіп жатқан Палатаның кезекті жалпы отырысында коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелеріне түзетулерге арналған заң жобасын бірінші оқылымда талқылау барысында Мәжіліс Спикері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына айрықша назар аударды.

Ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың деңгейі мен ірі қалалардағы ұйымдар деңгейінің айырмашылығы бар екеніне баса көңіл бөлген Н.Нығматулин арнайы конкурстарда ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың грантты да, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты да жеңіп алуы қиын екенін алға тартты.

Шынында да әлеуметтік стандарттар дайындалған кезде міндетті түрде ауылдың жағдайын ескеру керек. Себебі ауылдың да, қаланың да өз ерекшелігі бар. Сондықтан стандарттарды енгізгенде осы ерекшеліктерге қарай тиісті жағдай жасау қажет,деді Мәжіліс төрағасы.

Бұл заң жобасының мақсаты мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде