USD 326.52

EUR 400.80

РУБ 5.32

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышевті қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышевті қабылдады

Валюта нарығында жағдай тұрақты. Теңге өткен айда 2,8 пайызға нығайды. Елбасының алдында есеп берген Ұлттық банк төрағасы осылай деді. Данияр Ақышев өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылап, қаржы нарығындағы қазіргі жағдай жөнінде тілге тиек етті.

Еліміздің бас банкирінің айтуынша, былтыр инфляция деңгейі 7,1 пайыз көлемінде болды. Ал жыл соңында шамамен 31 млрд долларға жуықтаған ұлттық қор қаражаты, биыл қаңтар айында 3 пайызға артқан. Сондай-ақ қордың шетелдік валютадағы активтері 58 млрд доллардан асты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- На прошлой встрече мы обсуждали обстановку банковского сектара, уязвимые места.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

- Қаңтар айында инфляция деңгейі 0,6 пайызды құрады. Мұның өзі жылдық жоспармызға толық сай келетін көрсеткіш. Ұлттық банктің резервіне тоқталсақ, оның мөлшері 31,7 миллиард долларға пара-пар. Өткен айда көрсеткіш 3 пайызға ұлғайған.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде