USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

Жабық кешендегі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 1-орын иеленді

  • 462
Жабық кешендегі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 1-орын иеленді kazathletics.kz

Иран астанасы Тегеран қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешендегі VIII Азия чемпионаты өтті. Оған Қазақстан құрамасы да қатысып, сәтті өнер көрсетті. Жалпы командалық есепте Қазақстан бірінші орын алды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Алтын

1. Татьяна Нерознак, 3000 метрге жүгіру;

2. Ирина Эктова, үш қарғып секіру;

3. Светлана Голендова, 400 метрге жүгіру;

4. Әйгерім Шыназбекова, 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру;

5. Анастасия Ермакова, сырықпен секіру;

6. Никита Филиппов, сырықпен секіру;

7. 4х400 метрлік эстафета, әйелдер (Светлана Голендова, Аделина Ахметова, Виктория Зябкина, Элина Михина).

Күміс

1.Виктория Зябкина, 60 метрге жүгіру;

2. Элина Михина, 400 метрге жүгіру;

3. Татьяна Нерознак, 1500 метрге жүгіру;

4. 4х400 метрлік эстафета, ерлер (Андрей Соколов, Сергей Зайков, Дмитрий Коблов, Михаил Литвин).

Қола

1.Надежда Дубовицкая, сырықпен секіру.

 

Жабық кешендегі VIII Азия чемпионаты (Тегеран). Жалпы командалық есеп:

Хабар 24 әлеуметтік желілерде