361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Қырғызстан Президенті С.Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

  • 319

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылын талқылады.

Мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 

Сондай-ақ тараптар алдағы кездесулер кестесін қарастырды.

Хабар 24 телеарнасы