«Хабар» арнасынан Олимпиаданың ашылу салтанаты көрсетіледі - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

«Хабар» арнасынан Олимпиаданың ашылу салтанаты көрсетіледі

  • 374
<span class=favorites>«Хабар» арнасынан Олимпиаданың ашылу салтанаты көрсетіледі</span>

«Хабар» арнасы Пхёнчхан қаласындағы Қысқы Олимпиада ойындарынан 100 спорттық трансляция жасайды. Оның дені тікелей эфирде ұсынылады. Агенттік басшылары Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде осылай деді. Олимпиаданың ашылу салтанатынан бастап, жаһандық жарыс өтетін 25 ақпанға дейін Агенттік арналары ұдайы ақпарат таратады. Ал шараның басы-қасында жүрген  «Хабар 24» арнасының тілшілері  күн-түн демей, тікелей эфирде соңғы жаңалықтармен бөліседі.

Әлем көз тіккен XXIII қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ертең  кешкі сағат 17:00-де «Хабар» арнасынан көрсетіледі.

Ал «Хабар 24»  тілшілері тікелей эфирде шараға дайындық барысынан құлағдар етеді. Жалпы бұл екі арна да дүбірлі дода басталмас бұрын күндіз-түні ақпарат таратып келеді. Ұлттық құраманың жарысқа дайындығы мен спортшыларға жасалған жағдайға дейін қызықты репортаждардың тақырыбына айналды. Спорт саласын бір кісідей білетін түсірілім тобы Олимпиада қалашығында тыңбай жұмыс істеуде.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары:

- 1 аптадан бері Оңтүстік Кореяда жүрген біздің 2 түсіру тобы күн-түн демей, «Хабар» және «Хабар 24» арналарының жаңалықтарынан тікелей қосылымдар ұйымдастырып, біздің спортшылардың дайындығы, жалпы Олимпиадаға корей мемлекетінің әзірлігі жайлы эксклюзивті ақпаратты таратуда. Мәселен, кеше ғана таңертең «Хабар 24» арнасының жаңалықтар эфирінде біздің мемлекеттік тудың ресми көтерілу салтанаты көрсетілген болатын. Дәл осындай тікелей қосылулар Олимпиада біткенге дейін болады деп жоспарлануда. 

«Хабар» арнасы Олимпиада ойындарынан ұзақтығы 208 сағат болатын 100 спорттық трансляция көрсетеді. Оның дені тікелей эфирде ұсынылады. Көзі қарақты көрерменге барынша ыңғайлы болу үшін khabar.kz/olympic сайты іске қосылды. 

Порталда ойындардың кестесі, соңғы жаңалықтар, ұлттық құраманың жетістіктері жарияланып тұрады. Байрақты бәсекені  тікелей эфирде көруге де мүмкіндік бар. Ал жарыстың ең қызықты сәттерін Олимпиада күнделігінен тамашалай аласыздар. Хабар осымен 18 жылдан бері күллі әлем көз тіккен дүбірлі додаларды көрсетіп келеді.

Ерлан Игісінов, «Хабар» арнасының директоры:

- «Хабар» арнасынан ең қызықты деген жарыстар тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл мәнерлеп сырғанау, хоккей матчы, конькимен жүгіру, тау шаңғы спорты, шаңғы қоссайысы, скелетон, шана спорты және сноуборд пен фристайл. Біз Олимпиадаға 6 қызметкерімізді аккердиттедік. Қазір екі бірдей түсірілім тобы сонда жүр. Олар тынымсыз еңбек етіп, бізге эксклюзивті ақпаратты жеткізуде.

«Хабардың» көрерменге тартуы мұнымен бітпейді. Наурыз айында «Батырлар жолы» және «Алтыншы бекет»  деп аталатын екі бірдей толықметражды фильм кинотеатрлардан көрсетіледі. Біріншісі жоңғар соғысы кезінде бабаларымыздың ерлігін көрсететін патриоттық туынды. Ал екіншісі өмірін қатерге тіге отырып, түрмеден қашқандарды тоқтатқан ұлттық ұлан сарбаздары жайында. Қиялдан емес, өмірден алынған. Фильмнің телехикая түріндегі нұсқасы да жарыққа шығады. Осылайша, агенттік көрерменге ой салатын көркем туындыларды ұсынып жатыр. Былтыр небәрі 1 жыл ішінде  190 бөлімнен тұратын 14  телехикая көрерменге жол тартты.  Сұраныс та жоқ емес. Агенттіктің өнімдері  Ресей, Моңғолия, Қытай елдеріне саудаланды. Азия, Тыңық мұхиты өңіріне сату жөнінде де келісім жасалды. 

Ал тәулік бойы хабар тарататын еліміздегі басты ақпараттық арна  «Хабар 24» былтыр 37 мыңнан аса материал ұсынған. Тілшілер мың рет тікелей эфирде ақпарат таратты.  БҰҰ-ға Қазақстан төрағалық еткен жоғарғы деңгейдегі басқосуды да «Хабар 24»  тікелей көрсетті. Бұл тек жаңалықтар бөлімінің ұсынған дүниесі. 

Арман Сеитмамыт, «Хабар 24» арнасының директоры:

- Біздің шетелдегі тілшілер қосыны да жыл санап, артып келеді. Қазір олардың жалпы саны 17-ге жетті,. Біздің шетелдегі тілішілеріміз Шығыс Азияда, Батыс Еуропа мен Шығыс Еуропада, Таяу Шығыста, Оңтүстік және Солтүстік Америкада бар. Халықаралық APTN агенттігімен келіcім-шарт бойынша біздің тілшілер шетелден де тікелей эфирге шығып жатыр. Былтыр олардың саны 61 болды.

Былтыр «KazakhTV»  қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі көп арналық ақпарат тарату жүйесіне көшті. 100-ден аса кабельдік операторларға қосылды. Жалпы өткен жылы агенттік жағымды жаңалықтарға толы болды.  Қазақстанның алғашқы кино арнасы «Ел Арна» құрылды.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Жандос  Битабар, Өмірбек Ізімов

Хабар 24 әлеуметтік желілерде