USD 339.95

EUR 394.60

РУБ 5.34

Елбасы Астанада әкімдермен кездесті

Елбасы Астанада әкімдермен кездесті

Үкіметтің тындырған шаруасын бағамдаған Елбасы Астана және Алматы қалаларының және облыс әкімдерімен кездесті. Президент алдымен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесіне көңіл аударып, жергілікті жерлерде бақылауды күшейтуді тапсырды. Көгілдір отын тарифін де сөз етіп, былтыр жанармай бағасының күрт қымбаттағанын атап өтті. «Бұл ретте әкімдер қатаң қадағалау жүргізіп, аймақтағы жағдайды күнделікті тексеріп отыруы керек», деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Кей жерлерде газдың тарифы көбейді. Ойлап қарасандар, бізде газдың бағасы Ресейден 2 есе төмен. Кавказдықтардан 2-3 есе төмен. Сондықтан біз ертеңгі күні бүкіл халықты газбен қамтамсыз етеміз десек, электр станцияларды газға көшіреміз десек, газдың бағасын, жағдай келгенше, тұрақты жасау керек. Былтырғы жылы өздеріңіз көрдіңіздер, бензиннің бағасы қалай болды, ол таза міндетін орындамаушылық мәселесінің кесірінен болды. Көмір де солай болды. Даже сегодня в некоторых населенных пунктах Алматы, СКО, ЮКО, в Астане перебои с поставками угля. Вот такие острые моменты под контролем акима должны быть. И вам должны докладывать каждый день, что там делается. У нас в стране ГСМ и угля хватает. Жетпей жатса, ол біреудің жұмыс істемегендігі. Енді осындай қолда тұрған мәселені шешпесек, ол қалай болады?

Елбасы сондай-ақ көктемгі су тасқынына дайын болу керектігін де ескертті. Ол үшін Үкіметке аймақ басшыларымен бірлесіп тасқынның алдын-алу және оны болдырмау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Ал еріген қардың суын тоғандарға жинап, оларды ауыл шаруашылығы қажеттілігіне пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ халықпен жиі кездесіп, елді дамытуға бағытталған бағдарламаларды жұртшылыққа кеңінен түсіндірудің маңыздылығын да атап өтті. «Бұл іске «Нұр Отан» партиясы атсалысуы керек»,деді. Елбасы әкімдерге жұмысты ширатуды жүктеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін де тілге тиек етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- На уровне сельских населенных пунктов, где живет свыше двух тысяч человек, будет внедряться местное самоуправление. Это четвертый уровень бюджета. На места передан сбор 7 видов налогов, здесь также осуществляются расходы по 19 направлениям. По предварительному анализу, лишь 11 процентов сельских округов могут быть самодостаточными и способны покрыть расходы за счет собственных доходов. Поэтому Правительству совместно с руководством областей необходимо взять этот вопрос на контроль. Барлық жағдай бар, барлықтарыңа сенім бар. Барлықтарың тәжірибелісіңдер, барлықтарыңның істеп жатқан жұмыстарыңды мен күнделікті көріп отырмын, жақсысын да, нашарын да. Жалпы, барлықтарың жұмыс істеп жатсыңдар. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде