USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

Мемлекет басшысы ұшақ апатына байланысты Ресей халқына көңіл айтты

  • 385
<span class=favorites>Мемлекет басшысы ұшақ апатына байланысты Ресей халқына көңіл айтты</span>

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұшақ апатына байланысты РФ Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Мәскеу облысында Ан-148 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қаза болғандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде