352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановты қабылдады

  • 451

Елбасы Ақордада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановты қабылдады. Кездесуде оқу орнының ғылыми әлеуетін дамыту мәселелері мен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдаудың басым бағыттарына сәйкес кадр даярлау барысы талқыланды.

Мемлекет басшысы университет тарапынан атқарылып жатқан жұмыс нәтижелеріне баса мән беріп, жаһандану кезеңіндегі жоғары оқу орындарының рөліне айрықша назар аударды. Ал Ғалымқайыр Мұтанов оқу үдерісін заманауи талаптарға бейімдеу нәтижелерін сөз етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазақстанның ең үлкен университетін басқарып отырсың. 20 мың студенті бар университет бізде жоқ. Шетелдік студенттер де білім алады. Қазақстанның ВУЗ-дарының ішіндегі университеттің рейтингі де жоғары. Бәріміз білеміз елімізде негізгі оқу орны болып саналатын жерде жұмыс істеп жатсың, қазір университеттегі ғылымды өркендету мәселесі және жаңа экономикаға байланысты индустрияға, ғылымға, техникаға ақпарат құралдары мамандарын даярлау мәселесі қолға алынып жатыр. Осының барлығы қалай жүріп жатыр?

Ғалымқайыр Мұтанов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры:

- Жолдау Индустрия 4.0 үлкен міндеттер жүктейді. Әсіресе, жоғары оқу орындарына, университтерге. Өйткені, Рухани жаңғыру болсын, сонымен қатар Индустрия 4.0 тікелей жұмыс осы университтердікі. Қазіргі заман талабына сай боламыз десек, осыған лайықты болуымыз керек. Сол себепті барлық университетімізді трансформация жасадық. Негізгі мақсатымыз - әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыру. Жай ғана емес, алдыңғы қатарлы университет заман талабына сай мамандар ғана емес, сонымен қатар ғылымды дамыту, инновацияны дамыту. Жалпы университеттер қазіргі экономикалық драйвері болуы тиіс деп қабылдаймын. Сол бағытта біраз жұмыс жасадым. Бірнеше жаңа жобаларды қолға алдық. Біріншіден - өзіңіздің қолдап, инициатива жасаған супер компьютер. 2015 жылы Қытай елінің президентімен жолыққан кезде сіздің ұсыныңыз болды. Сол екі жылдай жүріп, үкіметаралық келісімге қол жеткіздік. Осы жылдың бірінші жартысында супер компьютерді аламыз деп отырмыз. Соған рахмет айтқым келеді. Соның негізінде айти технопарк, жай ғана университет емес шолковый путь деген үлкен альянс бар университет соған кіреді. Сонымен қатар, университет қабырғасында 10-нан астам жоғары технологиялық айти компания бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ғылыми зерттеу бар ма өздеріңде?

Ғалымқайыр Мұтанов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры:

- Ғылыми зерттеу 8 естественный научный направление бойынша, 8 гуманитарлық направление бойынша, олар өте жақсы жұмыс жасап жатыр. Соңғы уақытта ғылымның көлемі 2 есе артты. Қазір 4,5 млрд-тай өзіміз ғылымға тартып жатырмыз. Сонымен қатар мынау публикационный активность дейді, мынау скобска кіретін. Әлемдік деңгейдегі журналдарға кіретін публикациялардың саны 5 есе артты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазір жалпы оқитын студенттердің саны 20 мыңнан асады дедік қой! Солардың гуманитарлары қанша, естественниктері қанша?

Ғалымқайыр Мұтанов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры:

- Негізінен естественниктер бойынша қазір 60 процент. Олар көбейіп жатыр. Өзіміз де оған ден қойып жатырмыз. Соңғы уақытта жолдауға байланысты, мына 4 индиустиряға байланысты жеке факультет шығардым ІТ технология бойынша. 2 жаңа кафедра аштым болкчейн, биг дата бойынша.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұдан көп жыл бұрын Солтүстік Қазақстан университетін басқарып жүргенде танысып едім сенімен. Сол жерде көп жұмыс істедің. Одан Өскеменде техникалық университетте жұмыс істедің. Соның бәрін ескере отырып, мына ең үлкен университетке апарып қойдық. Жұмысың жалпы жаман емес. Естіп отырмын, әлі де істейтін жұмыстар көп.

Хабар 24 телеарнасы