369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

1 наурыз – Алғыс айту күні

  • 1043
  • UPD: 09:48, 01.03.2018

Айтулы датаны Елбасы осыдан екі жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен орайластырып бекіткен.

1 наурыз – елімізде тұрып жатқан барлық этнос бір-біріне ризашылығын айтатын күн. Әсіресе қиын-қыстау заманында жер аударып келген түрлі ұлт өкілдері шыдамдылық танытып, ерекше қонақжайлылығын көрсеткен қазақ жұртына алғыстарын білдіретін күн.

Өткен ғасырдың басында саяси қуғынға ұшыраған мыңдаған адамның отбасылары қазақ жеріне көшіріліп, тағдыр талқысына ұшыраған еді. Сындарлы заманда өздері қиналған жергілікті қазақ халқы шетелдіктерді бауырына басып, шаңырақтарына шақырды. Түрлі этнос өкілдері сол кезден бері Қазақстанда тұрақтап, біте қайнасып кетті. Алғыс айту күні осымен үшінші жыл қатарынан аталып өтіледі.

Хабар 24 телеарнасы