Елбасы халықтың әл-ауқатын жақсарту туралы жаңа әлеуметтік бастамалар көтерді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 363,22

EUR 412,35

РУБ 5.38

Елбасы халықтың әл-ауқатын жақсарту туралы жаңа әлеуметтік бастамалар көтерді

Елбасы халықтың әл-ауқатын жақсарту туралы жаңа әлеуметтік бастамалар көтерді

Елбасы қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ететін жаңа бастама ұсынды. Банктер 7 пайыздық үстемемен 25 жылға ипотекаға баспана беруі керек. Бастапқы жарна 20 пайыздан аспауы тиіс. Парламенттің бірлескен отырысында Президент халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған 5 түрлі бастаманы ұсынып, осындай мәселе көтерді

Нұрсұлтан Назарбаев әр отбасының баспаналы болуына жағдай жасау керектігін айтты. Былтыр елімізде 11 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бірақ әлі де пәтерге қол жеткізе алмай жүрген жанұялар аз емес.

«Жаңа жобаны іске асыру үшін Ұлттық банк пен Үкімет бірлесе жұмыс істеу керек», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Надо задействовать возможности Нацбанка, БВУ. фондового рынка. Нацбанку необходимо создать специальную компанию, которая привлечет не менее 1 трлн тг и направит на выкуп новых ипотечных кредитов, предоставленных банками на вышеназванных условиях. Реализация программы даст мощный импульс жилищному строительству в стране. В итоге повысится доступность приобретения жилья для миллионов казахстанцев. Это также будет работать на рост экономики, МСБ, создаст новые рабочие места. Я всегда говорил, что для Казахстана строительство, особенно жилищного, имеет очень большой мультипликативный эффект. Это металлы, мебель, это все, вокруг этого развивается большое количество бизнеса и вкупе приведет к росту нашей экономики. И самое главное мечты многих наших граждан, особенно молодых семей станут реальностью.

Сондай-ақ Елбасы биыл шілде айынан бастап, зейнетақының орташа көлемі 37 пайызға көбейетінін айтты. Біз бұған базалық зейнетақыны арттыру есебінен қол жеткіземіз. Ал төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау үшін Президент келер жылдың 1 қаңтарынан бастап, олардың салық жүктемесін 10 есеге төмендетуді ұсынды. Сонда олар мемлекетке тек 1 пайыз ғана салық төлейтін болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Будет делаться по индивидуальному налогу для тех, кто получает оплату труда менее 25-кратного размера минимального расчетного показателя в месяц. При этом необходимо, чтобы высвобождаемые средства от такого снижения были направлены на увеличение оплаты их труда. В результате у не менее одной трети наемных работников страны, а это более 2 млн человек, вырастит заработная плата без увеличения нагрузки на работодателей. В дальнейшем правительству необходимо изучить возможности внедрения прогрессивной шкалы подоходного налога.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде