USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

  • 240
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-шығыста ашық күн райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, оңтүстік жағында найзағай болады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, жел күші 15-20 м/с болады. Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. 

Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, күндіз желдің 15-20м/с дейін күшеюі күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман, жел екпіні 25 м/с күшейеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ. Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, жел күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с аса болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел күші 18-23, екпіні 26 м/с болады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде